03.07.2026

ҚР ҒЖБМ РУМС МУИТ базасындағы ОӘБ әзірлеген Жасанды интеллектіні қолдану жөніндегі жоғары оқу орындары аралық стандарттың екінші редакциясын мақұлдады

2026 жылғы 25 маусымда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолдану жөніндегі жоғары оқу орындары аралық стандарттың қайта қаралған және толықтырылған екінші редакциясы мақұлданды.

Стандарт Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жасанды интеллект технологияларын қолданудың бірыңғай тәсілдерін, жалпы ережелері мен терминологиясын белгілейді. Сондай-ақ ол жасанды интеллектіні жоғары оқу орындарының білім беру, ғылыми және әкімшілік қызметіне сапалы әрі жауапкершілікпен интеграциялауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Құжат «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ (МУИТ) базасындағы «061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, 063 Ақпараттық қауіпсіздік» кадрларды даярлау бағыттары бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігімен дайындалып, 2026 жылғы 5 маусымда ОӘБ-нің кеңейтілген отырысында қабылданды. Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің отырысында Жоғары оқу орындары аралық стандарттың екінші редакциясы туралы баяндаманы РУМС ОӘБ Төрағасының орынбасары, «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ Академиялық қызмет жөніндегі проректоры Аққыз Кұрақовна Мұстафина жасады. Аталған Стандарттың екінші редакциясы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жасанды интеллектіні қолдану сапасын реттеуге арналған.

Талқылау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі Жоғары оқу орындары аралық стандарттың екінші редакциясын қолданысқа енгізуді мақұлдады.

АК на РУМС 1.png

DSC00572 1.png

Читать ещё

Логотип
БАЙЛАНЫС
reception@iitu.edu.kz
8 (727) 330-85-61
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 320-00-00
8 (727) 320-00-01
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Бостандық ауданы, Манас к-сі 34/1
Барлық байланыстар
Бізге әлеуметтік желілерде қосылыңыз!
2026, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті. Барлық құқықтар қорғалған.
Версия сайта для слабовидящих