Университет ұжымы «Интеллектуалды телекоммуникациялар» кафедрасының профессоры Айтмағамбетов Алтай Зуфарұлын Байланыс саласындағы өңірлік достастықтың (БӨД) медалімен марапатталуымен шын жүректен құттықтайды!
2026 жылғы 17–21 тамыз аралығында Байланыс саласындағы өңірлік достастықтың радиожиілік спектрі мен спутниктік орбиталарды пайдалануды реттеу жөніндегі Комиссиясының 30-отырысы өтті. БӨД шешімімен жоғары кәсіби марапатқа — Байланыс саласындағы өңірлік достастық медаліне профессор Айтмағамбетов Алтай Зуфарұлы ие болды.
Бұл марапат - телекоммуникация, радиожиілікті реттеу және спутниктік технологиялар салаларын дамытуға қосқан көпжылдық кәсіби үлесінің, жоғары біліктілігінің және елеулі кәсіби қызметінің лайықты бағасы.
БӨД – байланыс және ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекетаралық үйлестіру органы. Ол БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелері - Халықаралық электр байланысы одағы (ХЭО) және Дүниежүзілік пошта одағы (ДПО) тарапынан олардың өңірлік ұйымдары ретінде танылған.
БӨД 1991 жылы 11 мемлекеттің Байланыс әкімшіліктерінің бастамасымен құрылды. Олардың қатарында Әзербайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан, Өзбекстан Республикасы және Украина бар.
БӨД-нің бақылаушылары қатарында БӨД-ге қатысушы мемлекеттердің телекоммуникация саласындағы 60-қа жуық жетекші компаниясы бар. Олардың қатарында «Азтелеком» ЖШҚ (Әзербайжан), «Белтелеком» РУП (Беларусь), «Қазақтелеком» АҚ (Қазақстан), «Қырғызтелеком» ААҚ (Қырғызстан), «Ростелеком» ЖАҚ (Ресей), «Huawei Technologies Co., Ltd» (ҚХР), «OneWeb» (Ұлыбритания), «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ (Қазақстан), «ICANN» халықаралық коммерциялық емес ұйымы (АҚШ), «RIPE NCC» (Нидерланд), «GSMA» (Ұлыбритания), «Қазпошта» АҚ (Қазақстан) және басқа да ұйымдар бар.
БӨД-нің құрылуы ауқымды саяси және экономикалық өзгерістер кезеңінде бірыңғай телекоммуникациялық кеңістікті сақтауға және мемлекеттердің байланыс желілері арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болды.
Алтай Зуфарұлы Айтмағамбетовке зор денсаулық, кәсіби және ғылыми жетістіктер, жаңа белестер мен халықаралық деңгейдегі тың жобалар тілейміз!
Мәртебелі марапатыңыз құтты болсын! Жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!