Құрметті студенттер!
Өз қаражаты есебінен 2026–2027 оқу жылының көктемгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға қабылдау басталғанын хабарлаймыз.
Бағдарлама шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында бір семестр бойы білім алуға мүмкіндік береді. Өтінімдерді қабылдау мерзімі — 30 қыркүйекке дейін.
Серіктес университеттер және өтінім беру мерзімдері:
• ADA University
• University of Debrecen
• Dortmund University of Applied Sciences and Arts
• Hof University of Applied Sciences
• Schmalkalden University
• Universitat Politècnica de València
• Shanghai University of Engineering Science (SUES)
• INTI International University
• Universiti Putra Malaysia (UPM)
• Universiti Tenaga Nasional (UNITEN)
• University Technology MARA (UiTM)
• Adam Mickiewicz University
• Poznan University of Technology
• Innopolis University
• СПбГУТ им. Бонч-Бруевича
• Marshall University
• University of Žilina
• Alanya University
• Altınbaş University
• Gazi University
• Haliç University
• Istanbul Aydin University
• Istanbul Gedik University
• Karadeniz Technical University
• Nigde Ömer Halisdemir University
• Yeditepe University
• VSB - Technical University of Ostrava
• Gachon University
• Inha University
• Caucasus University
• Xi'an Jiaotong University
• Northwestern Polytechnical University
• МТУСИ (Московский технический университет связи и информатики)
• Université Côte d'Azur
• Pavol Jozef Šafárik University in Košice (UPJS)
• Университет ИТМО
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
• жақсы академиялық үлгерім (GPA 3,0-ден жоғары);
• академиялық қарыздардың болмауы;
• ағылшын тілін білу (Upper-Intermediate деңгейі);
• оқуға және тұлғалық дамуға деген жоғары мотивация.
Қаржылық шарттар:
• Оқу ақысы — тегін.
• Студенттер тұру, жол жүру, виза рәсімдеу және медициналық сақтандыру шығындарын өздері төлейді.
Қажетті құжаттар:
• Ректордың атына жазылған өтініш; • ағылшын тіліндегі транскрипт;
• ағылшын тілінде жазылған мотивациялық хат;
• кафедра оқытушысынан ұсыным хат;
• паспорттың көшірмесі;
• ағылшын тілі деңгейін растайтын сертификат (бар болса) немесе кафедрадан анықтама.
Барлық сұрақтар бойынша:
Халықаралық ынтымақтастық департаменті,
801-кабинет
Халықаралық тәжірибе жинақтау, ой-өрісіңізді кеңейту және жаңа академиялық мүмкіндіктерге жол ашу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!