«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ әскери кафедрасы запастағы офицерлерді (ұлдар мен қыздарды) және запастағы сержанттарды (ұлдарды) даярлау бағдарламалары бойынша студенттерді оқуға қабылдауды жалғастыруда.
Құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады.
Запастағы ОФИЦЕРЛЕРДІ даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін келесі курстардың студенттері өтініш бере алады:
- 1 курс — бакалавриат бағдарламасы бойынша 3 жылдық оқу мерзімімен білім алушылар (қысқартылған оқу бағдарламаларын қоса алғанда).
- 1 және 2 курс — бакалавриат бағдарламасы бойынша 4 жылдық оқу мерзімімен білім алушылар.
- 1, 2 және 3 курс — бакалавриат бағдарламасы бойынша 5 және 6 жылдық оқу мерзімімен білім алушылар.
Запастағы СЕРЖАНТТАРДЫ даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін келесі курстардың студенттері өтініш бере алады:
- 1 курс — бакалавриат бағдарламасы бойынша 2 жылдық оқу мерзімімен білім алушылар (қысқартылған оқу бағдарламаларын қоса алғанда).
- 1 және 2 курс — бакалавриат бағдарламасы бойынша 3 жылдық оқу мерзімімен білім алушылар.
- 1, 2 және 3 курс — бакалавриат бағдарламасы бойынша 4 жылдық оқу мерзімімен білім алушылар.
- 1, 2, 3 және 4 курс — бакалавриат бағдарламасы бойынша 5 және 6 жылдық оқу мерзімімен білім алушылар.
Маңызды: Қажетті құжаттарды жинау және медициналық комиссиядан өту белгілі бір уақытты талап етеді. Әскери кафедраға баруды қыркүйек айының соңғы күндеріне қалдырмаңыз!
Кеңес алу және құжаттарды тапсыру үшін мына мекенжайға келуіңіз қажет: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 52/Г («Байзақ» БО), 2-қабат, 229-кабинет, тел.: 244-51-05.
Сонымен қатар, өтінішті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы да беруге болатынын хабарлаймыз: www.egov.kz.
Құжаттарды қабылдау күндері: КҮН САЙЫН (сенбі, жексенбі — демалыс күндері). Жұмыс уақыты: 09:00-ден 16:00-ге дейін, түскі үзіліс — 12:00-ден 13:00-ге дейін.
Әскери кафедрада оқу курсын толық аяқтағаннан кейін, таңдалған оқу бағдарламасына сәйкес «запастағы лейтенант» немесе «запастағы сержант» әскери атағы беріледі.