18.09.2026

IITU – «Qazaqstan AI for Science» алаңында

2026 жылғы 17 қыркүйекте Алматы қаласындағы Ғылым Ордасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырған «Qazaqstan AI for Science» тақырыбындағы алғашқы ашық тұжырымдамалық сессия өтті.



Іс-шара аясында ұйымдастырылған көрмеге Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (IITU) қатысып, университеттің ғылыми және инновациялық бағыттағы жобалары мен әзірлемелерін таныстырды.



Сессия барысында жасанды интеллектіні ғылымда тиімді әрі жауапты пайдалану, адам мен AI-дың бірлескен ғылыми зерттеулерінің жаңа мүмкіндіктері, деректер мен есептеу ресурстарына қолжетімділік, сондай-ақ AI технологияларын практикалық зерттеулерге енгізу мәселелері талқыланды.



IITU үшін бұл іс-шара ғылыми қауымдастықпен тәжірибе алмасуға, заманауи технологиялық шешімдерді таныстыруға және жасанды интеллект саласындағы жаңа бастамалармен танысуға мүмкіндік берді.

IMG_0812 1
IMG_0813 1
IMG_0815 1
IMG_0816 1
IMG_0817 1
IMG_0818(1) 1
обложка

Читать ещё

Версия сайта для слабовидящих