Бүгін Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде жоғары білім беруді дамыту перспективалары, жасанды интеллект және академиялық ынтымақтастық мәселелеріне арналған KIMEP University Президенті Chan Young Bang, Ph.D. мырзамен кездесу өтті.
Кездесу барысында тараптар жоғары білім беру саласында болып жатқан негізгі трансформацияларды және академиялық ортаның жаңа технологиялық шынайылыққа бейімделу мәселелерін талқылады. Профессор-оқытушылар құрамының жасанды интеллект саласындағы құзыреттерін дамытуға және білім беру үдерісіне жасанды интеллектті тиімді енгізуге ерекше назар аударылды.
IITU және KIMEP University өкілдері жоғары білім беруді одан әрі дамыту бойынша тәжірибелері мен көзқарастарымен бөлісіп, бірлескен жұмыстың перспективалы бағыттарын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша IITU мен KIMEP University ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға, бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға және академиялық өзара іс-қимылды нығайтуға негіз қалайды. IITU KIMEP University Президенті Chan Young Bang мырзаға университетке жасаған сапары, мазмұнды диалогы және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға деген дайындығы үшін алғыс білдіреді.
Бірге заманауи білім беруді дамытып, академиялық және технологиялық даму үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруды жалғастырамыз.