03.06.2025

IITU студенттерінің Семей қаласына танымдық сапары

IITU студенттері ұлы қазақ ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай еліне саяхат» жобасы аясында Семей қаласына танымдық сапарға қатысты.


Іс-шараның мақсаты – жастардың рухани дүниетанымын кеңейту, ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру және Абайдың бай мәдени-тарихи мұрасымен терең танысу. Сапар барысында студенттер Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты Семей қаласындағы маңызды мәдени орындарды аралап, көптеген қызықты мәліметтер мен тарихи деректермен танысты. Бұл сапар олар үшін жарқын әсерлер мен рухани байлық сыйлады.


Біз студенттерімізге ерекше ілтипат көрсетіп, жылы қабылдағаны үшін Әлихан Бөкейхан университетіне шын жүректен алғысымызды білдіреміз.
Осындай ынтымақтастық жоғарғы оқу орындары арасындағы әріптестікті нығайтып, мәдени-ағартушылық бастамалардың дамуына септігін тигізеді деп сенеміз. Болашақта да жемісті серіктестік жалғасын табады деген үміттеміз.

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

Читать ещё

Логотип
БАЙЛАНЫС
reception@iitu.edu.kz
8 (727) 330-85-61
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 320-00-00
8 (727) 320-00-01
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Бостандық ауданы, Манас к-сі 34/1
Барлық байланыстар
Бізге әлеуметтік желілерде қосылыңыз!
2026, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті. Барлық құқықтар қорғалған.
Версия сайта для слабовидящих