28.09.2026

Университет 2026–2027 оқу жылының көктемгі семестріндегі академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысатын студенттерге қаржылық қолдау бөлді!

Құрметті студенттер!

Университет 2026–2027 оқу жылының көктемгі семестріндегі академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысатын студенттерге қаржылық қолдау бөлді!

Қаржылық қолдау аясында:

— 1 студентке тұру, әуе билеті, визалық алым және медициналық сақтандыру шығындарын қамтитын ішкі грант беріледі;
— 5 студентке бөлінген қаражат шегінде әуе билетін сатып алуға қаржылық қолдау көрсетіледі.

Іріктеу тәртібі
Студенттерді іріктеу конкурстық негізде университеттің конкурстық комиссиясы арқылы жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. Өтініш;
  2. Ағылшын тіліндегі транскрипт;
  3. Ағылшын тіліндегі мотивациялық хат;
  4. Кафедра оқытушысынан ұсыныс хат;
  5. Паспорттың көшірмесі;
  6. Ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (бар болған жағдайда сертификат немесе кафедрадан анықтама)

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 5 қазан.

Қосымша ақпарат және құжаттарды тапсыру үшін: Халықаралық ынтымақтастық департаменті, 801-кабинет.

Құжаттарыңызды 5 қазанға дейін тапсыруға шақырамыз!

Читать ещё

Версия сайта для слабовидящих