29.03.2025

Ағылшын тілі олимпиадасына университетішілік іріктеу қорытындысы!

29 наурыз күні ХАТУ-да 1 және 2 курс студенттері арасында ағылшын тілі бойынша олимпиаданың ішкі іріктеу кезеңі өтті.


Биылғы тапсырма оңай болған жоқ – қатысушылар тек ағылшын тіліндегі білімдерін ғана емес, сонымен қатар IT дағдыларын да көрсетіп, видеожобалар әзірледі!


Жеңімпаз атанған екі команданы құттықтаймыз:
Елбек Малдабаев, Жания Жүніс, Аслан Ахулбай, Айнұр Исагалиева, Иса Кулиев және Арслан Нұрболат.


Енді біздің чемпиондар КБТУ-да үздік атағы үшін бақ сынайды! Оларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!


Тілдер кафедрасына студенттерді дайындаудағы еңбегі мен қолдауы үшін алғыс білдіреміз! Сондай-ақ, ұйымдастырушы оқытушылар Сания Бақытубайқызы Қабдрағалинова мен Алтынай Темірханқызы Кенжебековаға шабыттандыруы мен қолдауы үшін ризашылығымызды білдіреміз! Өзінің талантын және шығармашылығын көрсеткен барлық студенттерге де үлкен алғыс!


WhatsApp Image 2025-04-01 at 16.07.14.jpeg

Читать ещё

Логотип
БАЙЛАНЫС
reception@iitu.edu.kz
8 (727) 330-85-61
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 320-00-00
8 (727) 320-00-01
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Бостандық ауданы, Манас к-сі 34/1
Барлық байланыстар
Бізге әлеуметтік желілерде қосылыңыз!
2026, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті. Барлық құқықтар қорғалған.
Версия сайта для слабовидящих