06.06.2024

Ағылшын тілінен қабылдау емтихандары!

Құрметті талапкерлер!

Ағылшын тілін білу деңгейін анықтайтын тестілеуге тіркелу ашық екенін хабарлаймыз!


Маңызды күндер:

  • Тіркелу мен тестілеудің басталуы: 2024 жылдың 9 маусымы
  • Тіркелу және тестілеудің аяқталуы: 2024 жылдың 24 тамызы
  • Тестілеу форматы: Офлайн, университет ғимаратындағы 404-аудиторияда, жұмыс күндері сағат 9.00-18.00 аралығында / Онлайн, https://exam.iitu.edu.kz/ платформасында.
  • Тестілеу уақыты: 50 минут
  • Сұрақтар саны: 50


Ескерту:

  1. Тіркелу: Тестілеуге тіркелу университеттің ресми сайтындағы талапкердің жеке кабинеті арқылы жүзеге асырылады. Барлық мәліметтердің дұрыс және уақтылы толтырылғанына көз жеткізіңіз.
  2. Дайындық: Біздің https://exam.iitu.edu.kz/ сайтындағы сынақ тестінен өтсеңіз болады.
  3. Нәтижелер:

30-50 балл – тестті сәтті тапсыру.

0-29 балл – ХАТУ АҚ ‘Lingua’ тіл оқыту орталығының (@iitu_lingua) ‘IITU Academic English Course’ курсын оқыған жағдайда тесттен өту


Ескерту:

Келесі емтихандар бойынша сертификаты бар талапкерлер ағылшын тілінен тест тапсырудан босатылады:

- International English Language Testing System (IELTS) –5.0 балдан кем емес;

- Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP) – 460 балдан кем емес;

- Test of English as a Foreign Language Internet-based Test (TOEFL IBT) – 46-59 балдан кем емес;

- Certificate of Completion of ‘IITU Academic English Course’.


Ағылшын тілін білу деңгейін анықтайтын тест тапсыру бойынша нұсқаулық

Читать ещё

Логотип
БАЙЛАНЫС
reception@iitu.edu.kz
8 (727) 330-85-61
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 320-00-00
8 (727) 320-00-01
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Бостандық ауданы, Манас к-сі 34/1
Барлық байланыстар
Бізге әлеуметтік желілерде қосылыңыз!
2026, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті. Барлық құқықтар қорғалған.
Версия сайта для слабовидящих