17.01.2025

ХАТУ мен ТОО SPC «EuroKazTech» кездесуі

17-ші қаңтар күні ХАТУ Басқарма төрағасы – ректор Асылбек Абдиашимович пен «EuroKazTech» ЖШС өкілдері, бас директор Игорь Ивановичтың жетекшілігімен кездесу өтті.


Кездесу барысында тараптар инновациялық шешімдерді әзірлеу және білікті мамандар даярлау саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша университет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және озық технологияларды дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру туралы келісімдерге қол жеткізілді.


Тараптар ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа қызығушылық танытып, жобаларды іске асырудың техникалық егжей-тегжейлері мен мерзімдерін нақтылау үшін алдағы кездесулерді өткізуге келісті. Бұл кездесу ғылым мен бизнестің тиімді ынтымақтастығына жасалған маңызды қадам болды.


Читать ещё

Логотип
БАЙЛАНЫС
reception@iitu.edu.kz
8 (727) 330-85-61
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 320-00-00
8 (727) 320-00-01
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Бостандық ауданы, Манас к-сі 34/1
Барлық байланыстар
Бізге әлеуметтік желілерде қосылыңыз!
2026, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті. Барлық құқықтар қорғалған.
Версия сайта для слабовидящих