28.06.2024

ХАТУ-да Ресурс Орталығы құрылды

Алматы қаласы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің Тілдер кафедрасында Ресурс Орталығы құрылды.


Бұл орталық Глазго университетінің (Ұлыбритания) PhD докторы Лавиния Хирсу басқарған 2020-2021 жылдарындағы «Үш тілді ортада (Қазақстан) транслингвалдық тәсілді енгізу» атты халықаралық жобасының арқасында ашылды.


Жоба Алматы қаласы мен облысының мектеп мұғалімдерін оқытуға, транслингвалдық педагогиканы, көркемдік тәжірибе мен көптілді тәсілдерді енгізуге бағытталған.


Жаңа орталық мектеп мұғалімдеріне, сондай-ақ жоғары оқу орындары мамандарына заманауи технологияларды ұсынады және ағылшын тілін оқыту мен үйренуге көмектеседі. Барлық тілек білдірушілер орталықтың жұмысына қосылып, тәжірибе алмасып, жаңа әдістемелерді меңгере алады.

Читать ещё

Логотип
БАЙЛАНЫС
reception@iitu.edu.kz
8 (727) 330-85-61
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 320-00-00
8 (727) 320-00-01
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Бостандық ауданы, Манас к-сі 34/1
Барлық байланыстар
Бізге әлеуметтік желілерде қосылыңыз!
2026, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті. Барлық құқықтар қорғалған.
Версия сайта для слабовидящих