20.01.2026

VII Халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция «Youth Digital Forum» (YDF-2026)

2026 жылғы 31 наурызда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде VII Халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция «Youth Digital Forum» (YDF-2026) өтеді.


Конференцияның мақсаты — жас ұрпақтың ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту және заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы инновациялық тәсілдерді талқылау.


Конференцияға барлық жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысуға шақырылады.

Қатысу үшін 2026 жылғы 10 наурызға дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына (ydf@iitu.edu.kz) келесі құжаттарды жіберу қажет:


  1. Қатысуға өтінім
  2. Жариялауға арналған мақала (3–5 бет)
  3. Ғылыми жетекшінің ұсынымы


Барлық нысандар мен материалдар конференцияның ресми сайтында қолжетімді: https://ydf.iitu.edu.kz/


Тіркеу жарнасы:

  • ХАТУ студенттері үшін - тегін
  • басқа жоғары оқу орындарының студенттері үшін - 4000 теңге

Төлем тек баяндама ұйымдастыру комитеті тарапынан қабылданғаны расталғаннан кейін жүзеге асырылады.


Күні: 2026 жылғы 31 наурыз

Өтетін орны: 907-аудитория және Zoom платформасы


Өз зерттеулеріңізді ұсынуға, тәжірибе алмасуға және ғылыми көкжиегіңізді кеңейтуге берілген мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

Читать ещё

Логотип
БАЙЛАНЫС
reception@iitu.edu.kz
8 (727) 330-85-61
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 320-00-00
8 (727) 320-00-01
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Бостандық ауданы, Манас к-сі 34/1
Барлық байланыстар
Бізге әлеуметтік желілерде қосылыңыз!
2026, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті. Барлық құқықтар қорғалған.
Версия сайта для слабовидящих