26.02.2025

VI Халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция «Youth Digital Forum»

2025 жылдың 27 наурызында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде VI Халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция «Youth Digital Forum» (YDF-2025) өтеді!


Конференцияның мақсаты — жас буынның ғылыми әлеуетін арттыру. Шара барысында заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды әртүрлі салаларда қолданудың жетістіктері мен жаңалықтары талқыланатын болады.


Қатысуға шақырамыз: барлық жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттары!

📝 Қатысу үшін 2025 жылдың 7 наурызына дейін келесі құжаттарды ұйымдастыру комитетіне жіберу керек:

1️⃣ Конференцияға қатысуға өтініш

2️⃣ Жариялауға арналған мақала (3-5 бет)

3️⃣ Ғылыми жетекшінің ұсыныс хаты


Барлық материалдар мен үлгілер конференцияның ресми сайтында орналастырылған.

Тіркеу жарнасы:

  • ХАТУ студенттері үшін — тегін
  • Басқа жоғары оқу орындарының студенттері үшін — 4000 тг

Төлем мақаланың қабылданғаны туралы растау алғаннан кейін жүзеге асырылады.


📅 Өтетін күні: 2025 жылдың 27 наурызы

📍 Өтетін орны: 907 аудитория және Zoom платформасы


Осы маңызды іс-шараның бір бөлігі болуға асығыңыз, ғылыми зерттеулеріңіз бен идеяларыңызды ортаға салыңыз! Өзіңіздің мүмкіндіктеріңізді кеңейтіңіз!

Читать ещё

Логотип
БАЙЛАНЫС
reception@iitu.edu.kz
8 (727) 330-85-61
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 320-00-00
8 (727) 320-00-01
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Бостандық ауданы, Манас к-сі 34/1
Барлық байланыстар
Бізге әлеуметтік желілерде қосылыңыз!
2026, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті. Барлық құқықтар қорғалған.
Версия сайта для слабовидящих