14.01.2025

ҰБТ 2025: Қаңтарлық кезеңі басталды!

Қаңтар айындағы Ұлттық Бірыңғай Тестілеуі (ҰБТ) басталды! Бұл тестілеу 10 ақпанға дейін жалғасады.
Еліміз бойынша тестілеудің алғашқы күні 2277 адам қатысты. Ал қаңтар айындағы бірыңғай ұлттық тестілеуге жалпы 167 мыңнан астам өтінім тапсырылған болатын.


Еске сала кетейік, қаңтар, наурыз және тамыз айларындағы ҰБТ ақылы негізде өткізілетіндіктен, осы тесттер нәтижесінде алынған сертификаттар тек жоғары оқу орындарының ақылы бөлімдеріне түсуге мүмкіндік береді. Ал маусым айындағы ҰБТ сертификаты гранттық орындарға конкурсқа қатысуға жол ашады.


ХАТУ-дың ақылы бөліміне түсу үшін кем дегенде 50 балл жинап, сонымен қатар әр пәннен 5 баллдан кем алмау қажет. Ал гранттық конкурсқа қатысу үшін 80 баллдан жоғары ұпай жинау шарты қойылады.


Барлық талапкерлерге сәттілік тілейміз! Бұл – өмірлеріңіздің жаңа кезеңіне жасалып жатқан маңызды қадам болсын.

Description of the image

Читать ещё

Логотип
БАЙЛАНЫС
reception@iitu.edu.kz
8 (727) 330-85-61
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 320-00-00
8 (727) 320-00-01
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Бостандық ауданы, Манас к-сі 34/1
Барлық байланыстар
Бізге әлеуметтік желілерде қосылыңыз!
2026, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті. Барлық құқықтар қорғалған.
Версия сайта для слабовидящих