09.10.2026

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (ХАТУ) Интеллектуалды телекоммуникациялар (РЭТ) кафедрасының бастамасымен Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) музейі құрылды

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (ХАТУ) Интеллектуалды телекоммуникациялар (РЭТ) кафедрасының бастамасымен Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) музейі құрылды.

АКТ музейінің негізгі мақсаты – ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың даму тарихын сақтау, зерттеу және кеңінен насихаттау, техника мен технологиялардың әртүрлі буындары арасындағы сабақтастықты көрсету, сондай-ақ музей экспозициясын университеттің білім беру, ғылыми-зерттеу және кәсіби бағдар беру қызметінде пайдалану.

Музейдің негізгі міндеттері

1. Тарихи мұраны сақтау

— Радио, теледидар, телекоммуникациялық және компьютерлік техника үлгілерін жинау, есепке алу, сақтау және қалпына келтіру.

— АКТ тарихына қатысты құжаттарды, фотосуреттерді, сызбаларды, каталогтарды және басқа да материалдарды сақтау.

— Университеттің тарихи жәдігерлер қорын қалыптастыру.

2. Білім беру қызметі

— Музей экспонаттарын оқу үдерісінде пайдалану.

— Практикалық сабақтар, зертханалық жұмыстар және көрсетілім сабақтарын өткізу.

— Студенттерді әртүрлі буындағы техниканың жұмыс істеу қағидаттарымен таныстыру.

— Аналогтық телекоммуникациялық жүйелерден цифрлық, мобильді, спутниктік және заманауи байланыс желілеріне дейінгі технологиялық дамуды көрсету.

3. Ғылыми-зерттеу қызметі

— АКТ-ның даму тарихын зерделеу және ғылыми зерттеулер жүргізу.

— Ғылыми жарияланымдар, баяндамалар, көрмелер және оқу-әдістемелік материалдар дайындау.

— Студенттер мен оқытушыларды ғылыми-зерттеу жобаларына тарту.

4. Кәсіби бағдар беру

— Мектеп оқушыларын АКТ саласындағы мамандықтармен таныстыру.

— Экскурсиялар мен ашық есік күндерін ұйымдастыру.

— Заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін көрсету.

— Талапкерлердің инженерлік және АКТ бағытындағы мамандықтарға қызығушылығын арттыру.

5. АКТ-ны насихаттау

— Тақырыптық көрмелер, дәрістер, семинарлар және шеберлік сабақтарын өткізу.

— Радио, теледидар, мобильді байланыс, спутниктік байланыс, интернет, есептеу техникасы және жасанды интеллект сияқты жекелеген бағыттарға арналған уақытша экспозициялар ұйымдастыру.

— Отандық ғалымдардың, инженерлердің және сала мамандарының жетістіктерін насихаттау.

6. Ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру

— Тарихи технологиялар мен заманауи жүйелер арасындағы байланысты көрсету.

— Байланыс технологияларының «алғашқы радиотаратқыштардан бастап 5G/6G, спутниктік жүйелер мен заттар интернетіне (IoT) дейінгі» даму жолын таныстыру.

— Сала ардагерлерін студенттермен кездесулерге тарту.

7. Практикалық және интерактивті қызмет

— Жұмыс істейтін демонстрациялық стендтер жасау.

— Техниканың жекелеген үлгілерін жұмыс істеу қағидаттарын көрсету мақсатында қалпына келтіру.

— QR-кодтарды, мультимедиялық материалдарды және виртуалды экспозицияларды пайдалану.

— Музей экспонаттарының цифрлық каталогын жасау.

8. Ынтымақтастықты дамыту

— АКТ саласындағы кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау.

— Музейлермен, ғылыми ұйымдармен және кәсіби қауымдастықтармен (ХЭО, АБД және т.б.) ынтымақтастық орнату.

— Музей экспозициясын қалыптастыруға кәсіпорындарды тарту.

— Бірлескен көрмелер мен іс-шараларды ұйымдастыру.

1
2
3
4
5
6

Читать ещё

Версия сайта для слабовидящих