30.11.2024

Сайлау аяқталды!

Студенттік деканды сайлау қорытындысы:

  • «Бизнес-медиа және басқару» факультетінің деканы болып Sirius командасының белсенді мүшесі, «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 2-курс студенті Жуаныс Манас Нұрбекұлы сайланды.
  • «Киберқауіпсіздік» кафедрасының 1-курс студенттерінің старостасы, «Желілік қауіпсіздік» мамандығының 1-курс студенті Бейсембай Амина Айдынқызы «Компьютерлік технологиялар және киберқауіпсіздік» факультетінің деканы болып тағайындалды.

Жаңа декандардың басты міндеті – студенттер үшін қолайлы оқу ортасын қалыптастыру. Олардың мүдделерін қорғау, білім беру мен студенттік өмірді дамыту бағытында ашық диалог орнату, сондай-ақ студенттер мен факультет әкімшілігінің, деканатының, кафедраларының және оқытушыларының арасындағы тиімді байланысты қамтамасыз ету болып табылады.


Жаңа қызметтеріне табыс және сәттілік тілейміз!

Description of the image

Читать ещё

Версия сайта для слабовидящих