05.03.2026

IITU түлектерімен кездесу қорытындысы


26 ақпанда IITU-дің 2013 жылғы түлектері Аскар Алимханов пен Шерімбек Садықтың студенттермен кездесуі өтті. Қазіргі таңда түлектер кәсіби салада табысты еңбек етіп, өз бағыттары бойынша айтарлықтай тәжірибе жинақтаған.

Кездесу ашық диалог форматында ұйымдастырылып, спикерлер студенттерге кәсіби қалыптасу жолы туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Олар студенттік кезеңнен бастап мансап құрудың негізгі аспектілері, университеттен кейінгі алғашқы қадамдар, кәсіби бағытты дұрыс айқындау, құзыреттерді дамыту және жұмыс барысында кездесетін кәсіби қиындықтарды еңсеру жолдары туралы ой бөлісті.

Іс-шара барысында келесі мәселелерге ерекше назар аударылды:
— мансапты неден бастау және жеке кәсіби бағытын анықтау жолдары;
— еңбек нарығында нақты бәсекелік артықшылық беретін дағдылар;
— оқу кезеңінде жүзеге асыруға болатын тиімді іс-әрекеттер мен бастамалар;
— жас мамандар жиі жіберетін қателіктер және оларды болдырмау тәсілдері.

Кездесу ашық әрі мазмұнды форматта өтті. Студенттер спикерлерге белсенді түрде сұрақтар қойып, практикалық кеңестер алып, нақты кәсіби жағдайларды талқылады.

Мұндай іс-шаралар түлектер мен студенттер арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға, тәжірибе алмасуды дамытуға, сондай-ақ жас мамандарға саналы әрі жүйелі кәсіби даму стратегиясын қалыптастыруға мүмкіндік береді.


IMG_7854.jpg

IMG_7855.jpg

IMG_7867.jpg

IMG_7868.jpg

Читать ещё

Логотип
БАЙЛАНЫС
reception@iitu.edu.kz
8 (727) 330-85-61
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 320-00-00
8 (727) 320-00-01
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Бостандық ауданы, Манас к-сі 34/1
Барлық байланыстар
Бізге әлеуметтік желілерде қосылыңыз!
2026, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті. Барлық құқықтар қорғалған.
Версия сайта для слабовидящих