04.12.2024

Ашық диалог - Ректор және IITU белсенділері

2024 жылдың 27 қарашасында IITU Басқарма төрағасы – Ректоры Исахов Асылбек Абдиашимович пен студенттік ұйымдарының өкілдері арасында кездесу өтті. Бұл диалогтың басты мақсаты – университет әкімшілігі мен студенттер арасындағы өзара түсіністік пен байланысты нығайту болды.


Әрбір студенттік клубтың жетекшісі өз ұсыныстары мен университеттің болашағына қатысты көзқарастарын білдіріп, күнделікті студенттік өмірде кездесетін қиындықтарын ортаға салды. Ректор барлық қатысушыларды мұқият тыңдап, маңызды мәселелерді назарға алып, конструктивті ұсыныстар жасады.


Осындай кездесулер студенттер мен әкімшілік арасындағы сенімді қарым-қатынасты орнатуға, сондай-ақ өзара түсіністік пен қолдауды қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосады. Өйткені, студенттердің әл-ауқаты – біздің басты мақсатымыз.

Description of the image

Читать ещё

Логотип
БАЙЛАНЫС
reception@iitu.edu.kz
8 (727) 330-85-61
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 320-00-00
8 (727) 320-00-01
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Бостандық ауданы, Манас к-сі 34/1
Барлық байланыстар
Бізге әлеуметтік желілерде қосылыңыз!
2026, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті. Барлық құқықтар қорғалған.
Версия сайта для слабовидящих