28.11.2024

IT FEST 2024 «Ақпараттық технологиялар» - Цифрлық революцияға дайынсыз ба?

Ақпараттық технологиялар – бұл тек мәліметтермен жұмыс істеу құралы ғана емес, сонымен қатар біздің әлемді өзгертетін жаңашылдықтарды жасаудың кілті!

IT FEST 2024 Ақпараттық технологиялар секциясы – болашақтың бір бөлігі болу, ең заманауи технологияларды меңгеру және нақты мәселелерді шешу мүмкіндігі.


Жарыс екі бағыт бойынша өтеді:
• Сандық университет – барлық қызығушылық танытқандардар үшін.
• Сандық мектеп – орта мектеп пен колледж оқушылары үшін.


Секцияның мақсаты – ақпараттық технологиялардағы заманауи үрдістерімен таныстыру, оларды бизнес, медицина, білім беру және ғылым салаларында қолданылуын көрсету, киберқауіпсіздіктің маңыздылығын атап өту, деректерді талдау дағдыларын дамыту және нақты мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды әзірлеуге ынталандыру.


Қалай қатысуға болады?
Тапсырмалар, қатысу ережелері, жобаларды бағалау критерийлері және секцияның өту тәртібі туралы толық ақпарат алу үшін https://itfest.kz/ сайтына кіріңіз. Секция оффлайн форматта өтеді. Тіркелу 5-ші желтоқсанға дейін ашық.


Тәжірибе алмасып, практикалық дағдыларға ие болып бізге қосылыңыздар!

Description of the image

Читать ещё

Логотип
БАЙЛАНЫС
reception@iitu.edu.kz
8 (727) 330-85-61
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 320-00-00
8 (727) 320-00-01
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Бостандық ауданы, Манас к-сі 34/1
Барлық байланыстар
Бізге әлеуметтік желілерде қосылыңыз!
2026, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті. Барлық құқықтар қорғалған.
Версия сайта для слабовидящих