27.11.2024

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция "Жаңа шындықтың геосаясаты - Қазақстандық және әлемдік тәжірибе"

Құрметті оқытушылар, ғалымдар, докторанттар, магистранттар, студенттер мен БАҚ өкілдері!

Сіздерді 2024 жылдың 9-10 желтоқсанында өтетін «Жаңа шындықтың геосаясаты: қазақстандық және әлемдік тәжірибе» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.


Конференцияның мақсаты: Әлемдік деңгейдегі геосаяси, мәдени, білім беру және әскери процестерді отандық және халықаралық сарапшылармен талқылау. Конференцияның алаңы Қазақстанның ұлттық мүдделерін әлемдік аренада талқылауға және шешімдер ұсынуға мүмкіндік береді.


Конференцияда талқыланатын тақырыптар:
- Көпмәдениетті коммуникациялар және медиа
- Халықаралық журналистика және интернет қауіпсіздігі
- Мәдени алмасу мен ғылыми ынтымақтастықты қолдайтын институттар мен халықаралық ұйымдардың қызметі
- Халықаралық қатынастар мен жаһандық диалогтың даму тарихы
- Халықаралық қатынастарды орнатуда білім беру функциясы
- IT технологияларының халықаралық коммуникацияларда рөлі
- Халықаралық қатынастардың құрамдас бөлігі ретінде әскери сала


Формат: IITU-да оффлайн немесе онлайн режимде қатысу.
Қатысуға арналған сілтеме мен мақалаларды рәсімдеу ережелерін біздің веб-сайттан таба аласыз.


Өтетін күні мен уақыты:
9-10 желтоқсан 2024 ж., сағат 11:00-де (Алматы уақыты).


Қатысу шарттары:
Мақалалар 2024 жылдың 5 желтоқсанына дейін келесі электронды поштаға қабылданады: o.nessipbayeva@iitu.edu.kz
Материалдар талаптарға сәйкес келген жағдайда МУИТ Вестникінде жарияланады.


Қосымша ақпарат алу үшін:
Ольга Несипбаева, аға оқытушы, координатор.
Телефон: +7 771 4707766
Электронды пошта: o.nessipbayeva@iitu.edu.kz

Description of the image

Читать ещё

Логотип
БАЙЛАНЫС
reception@iitu.edu.kz
8 (727) 330-85-61
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 320-00-00
8 (727) 320-00-01
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Бостандық ауданы, Манас к-сі 34/1
Барлық байланыстар
Бізге әлеуметтік желілерде қосылыңыз!
2026, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті. Барлық құқықтар қорғалған.
Версия сайта для слабовидящих