16.07.2025

IITU ASIIN институционалдық қайта аккредитациядан сәтті өтті

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (IITU) Германиядағы беделді ASIIN аккредитациялық агенттігінің институционалдық қайта аккредитациясынан сәтті өткенін мақтанышпен хабарлайды. 2025 жылдың 27 маусымында ASIIN аккредитациялық комиссиясы университетті сапалы білім беру мен оқыту үшін қажетті институционалдық, рәсімдік және мәдени талаптарға толық сәйкес деп таныды. Аккредитация 2031 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жарамды.


ASIIN - инженерия, ақпараттық технологиялар, жаратылыстану және қолданбалы ғылымдар саласындағы білім беру бағдарламалары мен сапа жүйелерін аккредитациялауға маманданған халықаралық беделді агенттік. ASIIN System Seal белгісін иелену - IITU-дың ішкі сапа менеджменті жүйесінің жоғары деңгейде екенін, процестердің ашықтығын, ресурстарды тиімді басқару мен білім беру бағдарламаларын стратегиялық дамытуда айқын жетістіктерге жеткенін білдіреді.


Аккредитациялық комиссия университеттің сапа менеджменті жүйесін қайта құрылымдау бойынша жүргізген ауқымды және жүйелі жұмысына жоғары баға берді. Сонымен қатар, қабылданған іс-қимыл жоспарының өршіл мазмұны мен қысқа мерзімде іске асырылуы да ерекше атап өтілді.


Бұл жетістік - оқытушылар, әкімшілік және студенттердің білім беру ортасын үнемі жетілдіруге бағытталған ұжымдық күш-жігерінің нәтижесі. ASIIN институционалдық аккредитациясының берілуі - IITU-дың халықаралық деңгейдегі академиялық беделінің ресми мойындалуы және университеттің жаһандық серіктестік пен даму жолындағы ілгерілеуінің дәлелі.

Читать ещё

Логотип
БАЙЛАНЫС
reception@iitu.edu.kz
8 (727) 330-85-61
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 320-00-00
8 (727) 320-00-01
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Бостандық ауданы, Манас к-сі 34/1
Барлық байланыстар
Бізге әлеуметтік желілерде қосылыңыз!
2026, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті. Барлық құқықтар қорғалған.
Версия сайта для слабовидящих