27.11.2024

iCool x IITU - Инновацияның болашағымен шабыттандыратын кездесу

22 қараша күні ХАТУ Басқарма төрағасы - Ректоры Исахов Асылбек Абдиашимович, проректоры Даурен Кумарханович Шэньчжэнь қаласына іссапармен барып қайтты.
Олар әлемдегі ең ірі инновациялық кластерлердің бірі болып саналатын Гонконг ғылыми паркінің Шэньчжэньдегі филиалымен танысты.


Сапардың ең әсерлі сәттерінің бірі iCool компаниясымен танысу болды. Бұл инновациялық компания индустрияны түбегейлі өзгертетін батыл әрі заманауи жобаларды жүзеге асырып келеді. Компанияның жетістікке жету жолы мен жаңа технологияларды әзірлеу тәсілдері ерекше әсер қалдырды.


Сапар барысында университетіміз үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын ынтымақтастық перспективалары қарастырылды.


Біз бұл байланыстар мен әріптестіктің ХАТУ-да және одан тыс жерлерде технологиялар мен білім берудің дамуына серпін беретініне сенімдіміз.

Description of the image

Читать ещё

Логотип
БАЙЛАНЫС
reception@iitu.edu.kz
8 (727) 330-85-61
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 320-00-00
8 (727) 320-00-01
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Бостандық ауданы, Манас к-сі 34/1
Барлық байланыстар
Бізге әлеуметтік желілерде қосылыңыз!
2026, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті. Барлық құқықтар қорғалған.
Версия сайта для слабовидящих