Құрметті түлектер!
Диплом жұмыстарыңызды сәтті қорғағандарыңызбен құттықтаймыз және сіздерді диплом тапсыру салтанатына шақырамыз.
Тапсыру рәсімі 1 шілдеден 4 шілдеге дейін университеттің акт залында өтеді.
Маңызды: іс-шара басталардан бір сағат бұрын келіп, 301-ші аудиторияда мантия алу қажет, кіріс Жандосов көшесі жағынан. Өзіңізбен бірге жеке куәлік болуы керек.
Сіздер үшін Манас көшесі жағынан естелік фотосурет жасауға болатын фотозона жұмыс істейтін болады!
Сіздерді асыға күтеміз!



