27.03.2025

VI Халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы «Жастар цифрлық форумы YDF-2025»

2025 жылғы 27 наурызда «ХАТУ» АҚ-да «Жастар цифрлық форумы YDF-2025» атты VI Халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шара жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға, өзекті жетістіктерді, инновациялар мен заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану мәселелерін талқылауға арналды.


Конференцияға Қазақстанның 10 жетекші жоғары оқу орнынан ғалымдар, оқытушылар мен студенттер қатысты, олардың ішінде Astana IT, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, ҚБТУ, «Тұран» университеті және т.б. Барлығы 6 секция бойынша 84 ғылыми баяндама ұсынылды.


Конференцияның ашылуында Басқарма төрағасы – Ректоры Асылбек Исахов құттықтау сөз сөйледі. Одан кейін Ғылыми кадрларды даярлау департаментінің директорының міндетін атқарушы Акнур Есмурзаева қатысушыларды конференция форматы және негізгі спикерлермен таныстырды.


Пленарлық отырыста келесі спикерлер баяндама жасады:

  • Даулетбек Ерғали Тұрсынғалиұлы – IITU Innovation орталығының директоры;
  • Быков Артем Александрович – техникалық ғылымдар кандидаты, КИ кафедрасының доценті.

Секциялық отырыстарда 70-тен астам баяндама тыңдалып, үздік ғылыми жұмыстар іріктелді. Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.


Конференция қорытындысы бойынша үздік баяндамалар «International Journal of Information and Communication Technologies» арнайы басылымында жарияланады.

YDF-2025 Қазақстан студенттері мен жас зерттеушілері арасында білім алмасу, ғылыми пікірталастар өткізу және ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.


WhatsApp Image 2025-04-01 at 11.33.01.jpeg

WhatsApp Image 2025-04-01 at 11.33.01 (1).jpeg


Читать ещё

Логотип
БАЙЛАНЫС
reception@iitu.edu.kz
8 (727) 330-85-61
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 320-00-00
8 (727) 320-00-01
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Бостандық ауданы, Манас к-сі 34/1
Барлық байланыстар
Бізге әлеуметтік желілерде қосылыңыз!
2026, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті. Барлық құқықтар қорғалған.
Версия сайта для слабовидящих