24.04.2026

ХАТУ-дағы психологиялық денсаулық апталығы: студенттер мен қызметкерлерге арналған іс-шаралар қорытындысы

ХАТУ-дағы психологиялық денсаулық апталығы: студенттер мен қызметкерлерге арналған іс-шаралар қорытындысы

2026 жылғы 20–24 сәуір аралығында студенттер мен қызметкерлердің психологиялық денсаулығын қолдауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.


20 сәуір Бас корпустың (фойе) аумағында сағат 10:00–13:00 аралығында UIB-тің студент-практикант-психологтары ұйымдастырған жеке психологиялық консультациялар өтті. Студенттер өздерін толғандырған жеке мәселелерін талқылап, психологиялық қолдау алу мүмкіндігіне ие болды.


21 сәуір «Qamqor» клиникасының клиникалық психологы Адиля Ринатовна «Студенттер арасындағы үрей: оқу мен өмірде өзін-өзі реттеудің практикалық тәсілдері» тақырыбында дәріс өткізді. Іс-шара барысында студенттер үрейді төмендету және стрессті басқару әдістерімен танысты.


23 сәуір Университет қызметкерлері үшін екі кездесу өткізілді: — Психиатр-дәрігер Ассимова Тамара Абубакировна — «Психиатрлар туралы мифтер мен шындық: эмоционалдық қажуды жеңудегі психиатрияның рөлі» — Психолог Нурпеисова Салтанат Юсуфовна — «Қызметкерлердің психологиялық әл-ауқаты: стресстің алдын алу және ресурстарды сақтау»


24 сәуір ХАТУ психологтары ЖОО психологтары мен психиатр дәрігерімен бірлесіп онлайн-кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында суицидтік мінез-құлықпен жұмыс істеудің бірыңғай алгоритмін әзірлеу мәселелері талқыланды. Апта бойы Студент-практикант-психологтар психологиялық әл-ауқатқа қатысты әртүрлі тақырыптар бойынша сауалнама жүргізіп, бейнетүсірілім жұмыстарын атқарды.


Қорытынды: Өткізілген іс-шаралар психологиялық денсаулық мәселелері бойынша хабардарлықты арттыруға, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ университеттің студенттері мен қызметкерлерінің психологиялық әл-ауқатын нығайтуға ықпал етті.

DSC05833.JPG

DSC05859.jpg

DSC05888.jpg

DSC05905.jpg

DSC06004.JPG

DSC06021.jpg

DSC06067.jpg

DSC06023.jpg

DSC07193.jpg

DSC07217.jpg

DSC07201.jpg

DSC07247.jpg

DSC07258.jpg

DSC07296.jpg

Читать ещё

Логотип
БАЙЛАНЫС
reception@iitu.edu.kz
8 (727) 330-85-61
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 320-00-00
8 (727) 320-00-01
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Бостандық ауданы, Манас к-сі 34/1
Барлық байланыстар
Бізге әлеуметтік желілерде қосылыңыз!
2026, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті. Барлық құқықтар қорғалған.
Версия сайта для слабовидящих