30.04.2026

IITU мен «Алматы студенттер альянсы» (QSA Almaty) арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (IITU) мен «Алматы студенттер альянсы» (QSA Almaty) арасындағы стратегиялық серіктестікті бекітетін ресми құжатқа қол қойылды.
Бұл меморандумның басты мақсаты — студент жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру және университет ішіндегі жобаларға жаңа серпін беру. Келісім аясында бірлескен интеллектуалдық байқаулар, дебаттық турнирлер мен студенттік бастамаларды қолдау шаралары жоспарланған. Бұл қадам студенттердің тек білім саласында емес, қоғамдық өмірде де көшбасшылық қасиеттерін шыңдауына жол ашады.

DSC00125.jpg

DSC00098.jpg

DSC00080.jpg

DSC00075.jpg

Читать ещё

Версия сайта для слабовидящих