12.03.2025

IITU және XJTU серіктестікті дамытуда

International Information Technology University (IITU) делегациясы Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Xi’an Jiaotong University (XJTU) университетіне сапармен барды. Визит барысында Басқарма төрағасы – ректор Асылбек Исахов пен XJTU ректоры, академик Чжан Лицюнь арасында кездесу өтті.


Тараптар өзара ынтымақтастықтың болашағын талқылап, студенттер мен оқытушылардың академиялық алмасуын дамытуға, сондай-ақ, жасанды интеллект пен білім беруді цифрландыру саласындағы бірлескен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді. XJTU басқаратын Жібек жолы университеттері альянсының жобаларына IITU-дың қатысуы жөнінде келісімге қол жеткізілді. Сонымен қатар, IITU студенттері XJTU ұйымдастыратын жазғы мектепке қатысу мүмкіндігіне ие болады.


Сапар барысында делегация ғылыми зертханалар мен орталықтарды, оқу ғимараттарын, сондай-ақ Қытай университетінің тарих музейін аралап көрді. Жақын уақытта XJTU ғалымдары Алматыға келіп, IITU өткізетін ғылыми конференциялар мен іс-шараларға қатысады.


Читать ещё

Логотип
БАЙЛАНЫС
reception@iitu.edu.kz
8 (727) 330-85-61
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 320-00-00
8 (727) 320-00-01
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Бостандық ауданы, Манас к-сі 34/1
Барлық байланыстар
Бізге әлеуметтік желілерде қосылыңыз!
2026, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті. Барлық құқықтар қорғалған.
Версия сайта для слабовидящих