2023 жылғы 6-7 желтоқсанда "Білім берудегі, ғылымдағы және индустриядағы цифрлық технологиялар - 2023" (DTESI 2023) 8 – ші Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Бұл ғылыми оқиға Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қорының 25 жылдығына, сондай-ақ "ХАТУ" АҚ-ның 15 жылдығына орайластырылды. DTESI 2023 конференциясы аясында қоғамның цифрлық дамуындағы соңғы ғылыми нәтижелер талқыланды.
"ХАТУ" АҚ Басқарма Төрағасы - Ректорының бұйрығымен "Digital Technologies in Education, Science and Industry" 8-ші Халықаралық ғылыми конференциясын (DTESI 2023) өткізу туралы" 21.09.2023 жылғы №111-П бұйрығы шығарылды, онда бағдарламалық, ұйымдастыру комитетінің мүшелері, рецензенттер, сондай-ақ модераторлар мен хатшылар бекітілді. Конференцияға барлығы 80 баяндама келіп түсті, оның 56-сы рецензиялау үдерісінен кейін жариялауға қабылданды. Іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген ғалымдар белсенді қатысты. Біздің университеттен басқа Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, Қазақстан-Британ Техникалық Университеті, Астана IT университеті, Т. Дәукеев атындағы АЭжБУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Нархоз университеті, Нарықбаев Университеті сияқты жоғары оқу орындары ұсынылды.
Конференцияға Қазақстанның жоғары оқу орындарынан басқа шетелден келген ғалымдар да қатысты:
- Украина - Kyiv National University of Construction and Architecture, National University of Life and Environmental Sciences of Ukraine, Admiral Makarov National University of Shipbuilding, Taras Shevchenko National University of Kyiv, Odesa National Polytechnic University, National Transport University, Ukrainian National Forestry University, State University of intellectual technologies and Communications;
- Түркия - Ankara Yıldırım Beyazıt Üniversitesi;
- Иордания - Jordan University of Science and Technology;
- Германия - Eberswalde University for Sustainable Development;
- Швеция - Blekinge Tekniska Högskola;
- Португалия - Instituto Superior de Engenharia de Lisboa;
- Өзбекстан - Tashkent University of Information Technologies named by Muhammad Al-Khwarizmi;
- Польша - Poznań University of Life Sciences.
6 желтоқсандағы пленарлық отырыста ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Жұмақанұлы Ахмед-Заки құттықтау сөз сөйледі.