12.04.2024

Гуманитарлық көмек жинау пункті белсенді жұмыс істеп жатыр

Университеттің бас ғимаратында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек жинау пункті жұмысын жалғастыруда. Естеріңізге сала кетейік, еліміздің көптеген өңірлері осы табиғи апаттан қатты зардап шекті. Біз барлық бей-жай қарамайтындарды асыл бастамаға қосылуға шақырамыз, мұндай сәттерде ынтымақтастық пен қолдау ерекше маңызды. IITU ұжымы “Біз біргеміз” ұранына сүйене отырып, осы іске өз үлесін қосады.


Қазіргі уақытта сабын-жуғыш заттар, тұрмыстық құралдар (күректер), сөмкелер, қолғаптар, төсек-орын жабдықтары, көрпелер, гигиена құралдары, тез бұзылмайтын өнімдер (консервілер, герметикалық қаптамадағы жарма және т.б.), термостар, шамдар, пауэрбанктер және т. б. қажет. Сондай-ақ, тілек білдірушілер қаржыны ресми көмек қорларына аудару немесе еріктілер тобының жұмысына қосылу арқылы қаржылық қолдау көрсете алады.


Егер сізде сұрақтар туындаса, еріктілерге (бірінші қабаттағы пост) немесе №104 кабинетке (ЖСБ) хабарласыңыз, сонымен қатар +77073728154 нөмірі бойынша WhatsApp-қа хабарлама жіберуге болады. Сіздің көмегіңіз мұқтаж адамдар үшін маңызды.

Читать ещё

Логотип
БАЙЛАНЫС
reception@iitu.edu.kz
8 (727) 330-85-61
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 320-00-00
8 (727) 320-00-01
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Бостандық ауданы, Манас к-сі 34/1
Барлық байланыстар
Бізге әлеуметтік желілерде қосылыңыз!
2026, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті. Барлық құқықтар қорғалған.
Версия сайта для слабовидящих