20.09.2024

IITU- IT саласындағы көшбасшы!

ICPC World Finals 2024 спорттық бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының 48-ші финалында IITU командасы бүкіл әлем бойынша 73 000-нан астам студенттер іріктеліп алынған 140 команданың арасында 27-орынға ие болып, ТОП-30-ға енді. Жігіттер 7 есептің 6-ын шешіп, Солтүстік Еуразияның 19 командасы арасында қола медаль және Қазақстан құрамалары ішінен бірінші орынды иеленді!


Бұл тамаша жетістік, әсіресе қатысушылардың 1%-дан азы біліктілікке ие болғанын ескерсек.
IITU командасының құрамында Ескендір Сұлтанов пен Айбар Қуанышбайдың жетекшілігімен Әлихан Зиманов, Темірхан Зиманов және Федор Попов өнер көрсетті.


Біз халықаралық аренада IITU-ды тамаша танытқан студенттеріміз бен жаттықтырушыларымызды мақтан тұтамыз және лайықты жеңісімен құттықтаймыз!

Читать ещё

Логотип
БАЙЛАНЫС
reception@iitu.edu.kz
8 (727) 330-85-61
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 320-00-00
8 (727) 320-00-01
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Бостандық ауданы, Манас к-сі 34/1
Барлық байланыстар
Бізге әлеуметтік желілерде қосылыңыз!
2026, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті. Барлық құқықтар қорғалған.
Версия сайта для слабовидящих