02.04.2024

ХАТУ-ның "SANA" ХҒЗО-мен ынтымақтастығы туралы Меморандум

Бүгін "SANA" халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы басшылығының Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (ХАТУ) ректоры Асқар Құсыпбекұлы Хикметовпен кездесуі өтті. Кездесу барысында екі жетекші ұйым арасындағы жемісті серіктестіктің басталуын білдіретін ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.


Тараптар IT-индустрия мен ғылыми-зерттеу қызметін дамытудың өзекті тақырыптарын талқылады. Елімізде жасанды интеллектті пайдалану және дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды.


ХАТУ басшылығы батыл бастамалар мен перспективалық жоспарларды бірлесіп жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.

Біздің ынтымақтастығымыз үлкен мақсаттар үшін катализатор болатынына сенімдіміз.

Біз бірлескен жұмыстың жемісті нәтижелерін асыға күтеміз!

IMG_0872.JPG

IMG_0860.JPG

IMG_0974.JPG

Читать ещё

Логотип
БАЙЛАНЫС
reception@iitu.edu.kz
8 (727) 330-85-61
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 320-00-00
8 (727) 320-00-01
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Бостандық ауданы, Манас к-сі 34/1
Барлық байланыстар
Бізге әлеуметтік желілерде қосылыңыз!
2026, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті. Барлық құқықтар қорғалған.
Версия сайта для слабовидящих