2024 жылдың 13 сәуірінде Тілдер кафедрасы Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының тілдік емес мамандықтарында оқитын студенттер арасында ағылшын тілі бойынша университетаралық студенттік олимпиада өткізеді.
Олимпиада мақсаттары:
- Ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыру;
- Академиялық белсенділікке ынталандыру;
- Кейстерді шешу және эссе жазу студенттердің аналитикалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді; сыни тұрғыдан ойлау және стандарттан тыс шешімдерді іздестіру;
- Топтық рух пен ұжымдық жұмысты қалыптастыру;
- Үздік оқу жетістіктерін мадақтау.