23.01.2025

Бастамашылық ғылыми-зерттеу жобаларын қаржыландыруға арналған байқау

Құрметті әріптестер!
Университетте бастамашылық ғылыми-зерттеу жобаларын қаржыландыруға арналған байқау жарияланды. Барлық қызығушылық танытқан қызметкерлерді қатысуға және өз жобаларын ұсынуға шақырамыз.

Байқау бекітілген ережеге сәйкес өткізіледі, ережемен университеттің ішкі порталында таныса аласыз.


Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 1 ақпаннан 16 ақпанға дейін.
Қаржыландыру сомалары және бағдарламаға қатысты басқа да мәліметтер бұйрықта көрсетілген.


Өтінімдерге қойылатын негізгі талаптар:

  • Жоба ғылыми жаңашылдыққа және практикалық маңыздылыққа ие болуы қажет.
  • Күтілетін нәтижелер университеттің ғылыми-зерттеу бағыттарына сәйкес болуы тиіс.

Байқауға қатысуға өтінімдеріңізді nauka@iitu.edu.kz электронды поштасына "Байқауға" деген белгімен жіберуіңізді сұраймыз. Барлық құжаттардың дұрыс толтырылып, тіркелгеніне көз жеткізіңіз.

Қосымша сұрақтар бойынша жоғарыда көрсетілген электрондық пошта арқылы немесе Ғылыми-зерттеу қызметі департаментінің 2445109 (ішкі 2093) телефонына хабарласып біле аласыз.

Өтінімдеріңізді күтеміз және байқауда сәттілік тілейміз!
Приказ о конкурсе
Положение
шаблон заявки


initsiativnyie-proektyi.jpg

Читать ещё

Логотип
БАЙЛАНЫС
reception@iitu.edu.kz
8 (727) 330-85-61
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 320-00-00
8 (727) 320-00-01
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Бостандық ауданы, Манас к-сі 34/1
Барлық байланыстар
Бізге әлеуметтік желілерде қосылыңыз!
2026, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті. Барлық құқықтар қорғалған.
Версия сайта для слабовидящих