Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (бұдан әрі – ХАТУ, iitu.edu.kz) Сіздерді «Ғылымдағы әйелдер: жаһандық перспективалар» атты халықаралық конференцияға қатысуға шақырады. Осы жиын ғылымдағы Әйелдер мен Қыздардың Халықаралық Күніне орай ұйымдастырылады.
Басқосудың негізгі мақсаты – бұл тақырыпты жаһандық аспектіде дамыту үшін отандық және халықаралық әріптестермен бірге зерттеу және талдау.
Конференция 2024 жылдың 9 ақпанында ХАТУ, Қазақстан, Алматы қаласында өтеді. Басталуы: 13:00 (Алматы уақыты). Конференция тікелей эфирде де көрсетіледі.
Zoom Конференциясы:
https://us06web.zoom.us/j/87425697169?pwd=5ZQtYDgtiOllD8eEQ2boPzzWXlaUTW.1
Конференцияның идентификаторы: 874 2569 7169
Кіру коды: 870847
Ұйымдастыру комитеті жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамын, ғалымдарды, докторанттарды, студенттерді конференцияға қатысуға шақырады.
Конференцияда көтерілетін тақырыптар:
- Ғылымдағы әйелдердің мүмкіндіктерін дамытуға ықпал ететін іс-шаралар.
- Ғылымдағы әйелдердің көшбасшылық, тәлімгерлік және оқу мүмкіндіктерін қолдайтын мекемелер мен ұйымдарды зерттеу.
- Орталық Азия аймағында да, халықаралық деңгейде де STEM платформасымен ынтымақтастық.
- Қоғамға, ғылым мен техникаға көрнекті үлес қосқан әйелдерді зерттеу контекстіндегі гендерлік зерттеулердің тарихы.
- Қоғаммен байланыс, ғылым және мәдениет саласында әйелдер қызметін жүзеге асыру жолдары.
Қосымша ақпарат алу үшін +7 701 748 84 97 a.doskozhanova@iitu.edu.kz ұйымдастырушы Айжан Досқожановаға хабарласыңыз.