21.01.2025

"ХАТУ" АҚ мен KazTEA ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

"ХАТУ" АҚ мен ағылшын тілі мұғалімдері мен оқытушыларының қауымдастығы KazTEA педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту және академиялық өзара іс-қимылды нығайту мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.


Меморандум аясында бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу іс-шараларын өткізу жоспарланған. Алғашқы бастамалардың бірі – "Artificial Intelligence Trends in Teaching/Learning English" («Ағылшын тілін оқыту мен үйретудегі жасанды интеллект тенденциялары») тақырыбындағы тренинг болмақ. Тренингті ХАТУ тілдер кафедрасының оқытушылары ұйымдастырады.


Тренинг АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығының қаржылық қолдауымен және Ташкент қаласындағы Ағылшын тілі бағдарламаларының өңірлік кеңсесінің әдістемелік қолдауымен өтеді.


Аталған әріптестік Қазақстандағы білім беру жүйесін дамытудағы маңызды қадам болып табылады және ағылшын тілін оқытуда жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы инновациялық тәсілдерді енгізуге ықпал етеді.

Читать ещё

Логотип
БАЙЛАНЫС
reception@iitu.edu.kz
8 (727) 330-85-61
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 320-00-00
8 (727) 320-00-01
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Бостандық ауданы, Манас к-сі 34/1
Барлық байланыстар
Бізге әлеуметтік желілерде қосылыңыз!
2026, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті. Барлық құқықтар қорғалған.
Версия сайта для слабовидящих