Перейти к содержимому

ELBA зертханасының ашылуы

Халықаралық IT университетінде Erasmus+ ELBA жобасы аясында зертхана ашылды. Ол сипаттамалары бойынша қуатты заманауи компьютерлермен, трансляцияға арналған теледидармен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған, олардың көмегімен студенттер өз өнімділігін арттырып, үлкен деректерді талдау міндеттерін шеше алады. Ашылу салтанатына проректорлар, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы, жоба қатысушылары, сондай-ақ ZOOM платформасы арқылы бірнеше шетелдік ЖОО өкілдері қатысты. ХАТУ проректорлары Мустафина Аккыз Кураковна мен Дайнеко Евгения Александровна зертхананы салтанатты түрде ашты. Өз кезегінде жоба координаторы Гульнара Закирова жоба мен оның келешегі туралы қысқаша айтып берді. Ашылу салтанатының өзінде Сантьяго-де-Компостела университетінде біліктілікті арттырудан өткен ХАТУ-дың сертификатталған профессорлары Айдос Сарсембаев, Лязат Найзабаева және Ергали Даулетбек жас ғалымдар үшін тренингтер өткізді.

Erasmus+ ELBA жобасының басты мақсаты — Үлкен деректерді интеллектуалды талдау (IBDA) саласында жоғары кәсіби мамандарды даярлауға мүмкіндіктер жасау және жоғары тиімді заманауи IBDA құралдарына қолжетімділікті қамтамасыз ету. Зертхананың ашылуы — жобаның әрбір қатысушысы қойылған мақсатқа жету үшін бар күш-жігерін жұмсағанының жарқын дәлелі.

IT жолын бастауға дайынсың ба?

IITU-дің озық білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары туралы көбірек біліп, құжаттарды тапсыру процесін бүгіннен бастаңыз.

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы