Erasmus+
Эразмус+ – Еуропалық одақтың білім беру, кәсіптік оқыту, жастар саясаты мен спорт жүйесін жаңғыртуға және тұрақты дамытуға жәрдемдесуге бағытталған бағдарламасы. Ол осы салалардың барлығында еуропалық елдер (Бағдарлама елдері деп аталатын) арасында да, еуропалық елдер мен бүкіл әлемдегі серіктес елдер арасында да ынтымақтастыққа қаржылық мүмкіндіктер береді.
Эразмус+ Қазақстандағы жоғары оқу орындары мен жеке тұлғаларға төрт негізгі мүмкіндік ұсынады:
1-негізгі әрекет
- Халықаралық кредиттік ұтқырлық
- Эразмус Мундус магистрлік дәрежелері
2-негізгі әрекет
- Жоғары білім беру әлеуетін арттыру
Жан Моне
Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру (ЖБӘА) жобалары — 34 Бағдарлама елі мен 150-ден астам серіктес елдің жоғары оқу орындары арасындағы көпжақты серіктестікке негізделген трансшекаралық ынтымақтастық жобалары. Қазақстан бағдарламаның осы құрамдас бөлігіне қатыса алатын серіктес елдер қатарына жатады.
ЖБӘА жобалары мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:
- жоғары білімді жаңғыртуды, инновацияларды және оның қолжетімділігін қолдау;
- жоғары білімнің сапасын және оның еңбек нарығы мен қоғам қажеттіліктеріне сәйкестігін арттыру, жоғары білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, оқытуды, ЖОО-ларды жедел және стратегиялық басқаруды ұйымдастыру мен жоспарлау және ЖОО-ларды интернационалдандыру;
- ЕО мен тиісті серіктес елдер арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу;
- жаңа және инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу арқылы құзыреттер деңгейін арттыру;
- бірлескен бастамалар мен озық тәжірибе алмасу арқылы әлемнің әртүрлі өңірлерінің аймақтық және аймақаралық интеграциясы мен ынтымақтастығына жәрдемдесу.
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті мына белсенді ЖБӘА жобаларына қатысады (эмблемалар басылады):
Ескерту: «Еуропалық Комиссияның осы жарияланымды дайындауға көрсеткен қолдауы тек авторлардың көзқарасын білдіретін материалдардың мазмұнын мақұлдауды білдірмейді. Еуропалық Комиссия осы жарияланымда берілген ақпаратты кез келген пайдалану үшін жауап бермейді»
KUTEL
ELBA
ALLVET