ALLVET-тің «Цифрлық журналистика және ақпараттық қауіпсіздік: әлемдік тәжірибе мен ұлттық стратегиялар» халықаралық онлайн-конференциясына қатысуы
2021 жылғы 18-19 мамырда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде Медиакоммуникациялар және Қазақстан тарихы кафедрасында «Цифрлық журналистика және ақпараттық қауіпсіздік: әлемдік тәжірибе мен ұлттық стратегиялар» атты халықаралық онлайн-конференция (Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған) өтті.
ХАТУ лекторы Алуа Джумабаева ALLVET тренингінің кейбір аспектілері туралы баяндама жасады. Атап айтқанда, ол электрондық оқыту саласындағы ынтымақтастыққа (Онлайн-оқыту бойынша іс-шаралар, Бирлескен топтық іс-шаралар, Топтық пікірталастар және Кері байланыс пен бағалау бойынша іс-шаралар) тоқталды.
Сондай-ақ білімді сақтау мен тиімділік мәселелері қозғалды. Оқыту нәтижелері негізінде студентті бағалаудың бірнеше тәсілдерін жинақтауға бағдар жасалды.
Жалпы алғанда конференция өте қызықты өтті және ALLVET жобасы қатысушысының болуы қызықты сұрақтар мен пікірталас тудырды.