Перейти к содержимому

ELBA

610170-EPP-1-2019-1-ES-EPPKA2-CBHE-JP ELBA Орталық Азияда үлкен деректерді интеллектуалды талдау бойынша оқу және зерттеу орталықтарын құру және курстарды әзірлеу

610170-EPP-1-2019-1-ES-EPPKA2-CBHE-JP

15/10/2019 - 14/10/2022

3.png

Жобаның мақсаты:

Жоба білім беру мекемелерінің, жергілікті кәсіпорындардың және тұтас қоғамның тұрақты дамуына ықпал ететін ЕО тәжірибесі мен технологияларына негізделген, әртүрлі пәнаралық тәжірибесі бар Үлкен деректерді интеллектуалды талдау (IBDA) саласында жоғары кәсіби мамандарды даярлауға мүмкіндіктер жасауға және жоғары тиімді заманауи IBDA құралдарына қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Жобаның міндеттері:

  • 2021 жылдың шілдесіне қарай ОА-дағы серіктес ЖОО-лар мен салалық компаниялардың бакалавриат және магистратура бағдарламалары үшін IBDA бойынша модульдік курстардың пәнаралық пакетін әзірлеу жөніндегі бірінші нақты міндет ОА серіктес елдерінің экономикасында инновациялық салаларда, атап айтқанда IBDA бойынша білікті мамандардың тапшылығы мәселесін шешеді.

Осы мәселені шешуге арналған қолдау серіктес ЖОО-лар тарапынан қолданыстағы бакалавриат және магистратура бағдарламаларының оқу жоспарларына IBDA бойынша әзірленген курстарды енгізу нәтижесінде көрсетіледі. Әзірленетін пакеттік курстар IBDA бойынша жаңа, инновациялық пәндерді енгізу арқылы қолданыстағы оқу бағдарламаларын жаңғыртуға ықпал етеді. Бұл курстар экономиканың білікті мамандарға деген қажеттіліктерін икемді қанағаттандыруға көмектеседі және ЖОО-лар мен өнеркәсіп арасындағы ынтымақтастықты нығайтады.

  • 2020 жылдың қазанына қарай IBDA орталықтарын және ОА-дағы серіктес ЖОО мамандарының академиялық және кәсіби желісін құру жөніндегі екінші нақты міндет инновациялық технологияларға, атап айтқанда Үлкен деректерді талдауға қатысты жұртшылықтың жеткілікті хабардар болмауы және шешім қабылдау мәселесін шешуге бағытталған. Бұл желі консорциум бойынша серіктестер арасындағы тиімдірек ынтымақтастыққа, сондай-ақ Орталық Азия мамандары арасында Үлкен деректерді талдау саласындағы одан арғы ынтымақтастыққа ықпал етеді.

Elba Project журналы 2021

Жобаның превентивті мониторингі (ағылшын тіліндегі нұсқасы)

Mag`n`IT 2022

Құжаттар

Жобаның жиналыстары мен семинарлары

DOCX · 797 КБ

Жобаның жұмыс тобы

PDF · 146 КБ

Ескертпе: Жоба Еуропалық Комиссияның қолдауымен қаржыландырылады. Осы сайттың мазмұны университеттің жауапкершілігінде болып табылады және Еуропалық Комиссияның көзқарасын білдірмейді.

IT жолын бастауға дайынсың ба?

IITU-дің озық білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары туралы көбірек біліп, құжаттарды тапсыру процесін бүгіннен бастаңыз.

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы