Онлайн тренинг
Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің командасы ELBA жобасы аясында 2021 жылғы 24 — 27 наурыз аралығында өткен онлайн тренингтерге қатысты. Деректерді талдау бойынша тренингтерді Сантьяго-де-Компостела университетінің (Испания) мамандары — David E. Losada (PhD) және Marcos Fernández-Pichel (PhD докторанты) жүргізді.
Қатысушылар Деректерді талдау үшін Python бағдарламасын қолданумен таныстыру бойынша жеделдетілген курстан өтті. ХАТУ оқытушылары студенттермен одан әрі жұмыс істеу үшін платформалардың әдістемесі мен функцияларын пайдаланады.