ELBA: Словениядағы тренинг
20.01.2022
Үлкен деректерді талдау — заманауи кезеңде Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті бағдар ұстанған басты бағыттардың бірі. Сонымен, ELBA, Эрасмус+ жобасы аясында Еуропалық Одақ ұйымдастырған Словениядағы Приморска университетіндегі екі апталық тренинг біліктілікті арттырудың тағы бір кезеңі болды, оған ХАТУ-дың data science бойынша оқытушылары Айгерим Мишина мен Фатима Токмухамедова қатысты. «Профессор Бранко Кавсек пен оның әріптестерінің сабақтары бізге осы бағыттағы ең жаңа тенденциялармен танысуға, үлкен деректермен жұмыс істеудегі еуропалық ЖОО-лардың әдістемесін меңгеруге мүмкіндік берді» — деп ХАТУ оқытушылары өз әсерлерімен бөлісті.
Айгерим мен Фатима словениялық профессорлардың тренингтерінде алған жаңа білімдерін ХАТУ-дағы деректерді талдау үшін жас оқытушыларға беру мақсатында бірнеше семинар өткізіп үлгерді. Тренингтер пікірталас форматында өтті. Тыңдаушыларды деректерді талдаудың жаңа бағдарламалары мен құралдары қызықтырды. Айгерим еуропалық университеттерде деректерді талдау бойынша пәндерді оқытудағы әдістемелік тәсілдер туралы айтып берді. Фатима деректерді талдаудың жаңа құралдарымен бөлісті.
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті жүзеге асырып жатқан «ELBA» жобасы аясында Испанияда, Словенияда 5 оқытушы және ХАТУ-дың 50-ден астам жас оқытушылары, магистранттары, докторанттары дайындалды. Наурыз айында ХАТУ оқытушылары Италияда өтетін келесі тренингке қатысады.