Перейти к содержимому

ELBA: Сантьягодағы тренинг

11.2021

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің оқытушылар тобы — Айдос Сарсенбаев, Ергали Даулетбек және Ляззат Найзабаева бүкіл жобаның координаторы болып табылатын Испаниядағы Сантьяго-де-Компостела университетінде үлкен деректер бойынша екі апталық курстардан өтті. Курстарда профессорлар үлкен деректердің заманауи саласы бойынша біліктіліктерін арттырды және жаңа модульдер әзірлеуге, алған дағдыларын студенттер мен оқытушыларға беруге дайын. Тренинг қатысушылары ХАТУ ПОҚ үшін семинар өткізіп, онда үлкен деректермен жұмыс істеуде де, заманауи іздеу жүйелерінде де қолданылатын мәтінмен жұмыс істеу технологиялары туралы білімдерімен бөлісті. Сонымен қатар, қатысушылар «CESGA» суперкомпьютерлік есептеулер орталығы мен Сантьяго-де-Компостела университетінің «CiTIUS» зерттеу орталығы туралы айтып берді.

IT жолын бастауға дайынсың ба?

IITU-дің озық білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары туралы көбірек біліп, құжаттарды тапсыру процесін бүгіннен бастаңыз.

Көру қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы