Бағдарламаның сипаттамасы

Бағдарламаның негізгі мақсаты – корпоративтік қаржы, инвестициялар және қаржылық талдау саласында терең білім алғысы келетін, халықаралық деңгейдегі жоғары білікті мамандарды даярлау. Бағдарлама аясында тыңдаушылар қазіргі заманғы қаржылық инновациялармен және компьютерлік технологиялармен танысады.

Оқу бағдарламасы қаржылық талдау, стратегиялық жоспарлау, капиталдық бюджеттік жоспарлау, салық салу, айналым қаражатын басқару, капитал көздерін анықтау, тәуекелдерді бағалау, бағалы қағаздар мен компания активтерінің құнын анықтау бойынша теориялық негіздер мен сандық әдістерді қамтиды.

Пәндер

  • Бухгалтерлік есептің негіздері
  • Корпоративтік қаржы
  • Қаржылық менеджмент
  • Салықтар және салық салу
  • Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары
  • Басқарушылық есеп және талдау
  • Қаржылық инвестициялар
  • Инвестицияларды қаржыландыру және несиелендіру
  • Туынды қаржылық құралдар
  • Сандық инвестициялық талдау
  • Қаржылық тәуекелдерді басқару
  • Қаржылық есептілікті талдау
  • Акцияларды бағалау және талдау
  • Тұрақты кірісті қаржылық құралдар
  • Бағалы қағаздар портфелін басқару

Дағдылар

Бағдарламаны аяқтаған түлектер төмендегі қабілеттерге ие болады:

  • басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қаржылық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;
  • компанияларда қаржылық жоспарлау және болжау;
  • экономикалық шешімдер қабылдау кезінде компаниялардың қаржылық жағдайын талдау;
  • корпоративтік қаржы саласындағы қаржылық есептеулер жүргізу;
  • тәуекел деңгейін төмендете отырып, максималды табыстылыққа қол жеткізу үшін бағалы қағаздар портфелін басқару;
  • компаниялардың қаржылық есептілігін модельдеу;
  • ақша ағындарын бағалау, бақылау және жоспарлау;
  • ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау кезінде шешім қабылдау.

Мамандықтар

Бағдарлама түлектері төмендегі лауазымдарда жұмыс істей алады:

  • қаржылық менеджер, қаржылық талдаушы, қазынашы;
  • портфельдік менеджер, тәуекел-менеджер, аудитор;
  • инвестициялық немесе қаржылық кеңесші және басқа да мамандықтар.
Версия сайта для слабовидящих