Миссия және Стратегия


Ақпараттық технологиялар халықаралық университеті («ХАТУ» АҚ) – Қазақстан Республикасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жоғары білікті мамандар даярлайтын жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Университет 2009 жылы 2 сәуірде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен құрылып, 2009 жылы 29 мамырда білім беру қызметін жүзеге асыру бойынша мемлекеттік лицензия алды.


2025 жылы «ХАТУ» АҚ 2022–2025 жылдарға арналған Даму стратегиясын іске асыруды аяқтады, оның нәтижелері жүргізілген институционалдық трансформацияны көрсетіп, дамудың жаңа басымдықтарын айқындауға негіз қалыптастырды. Университетте даярлаудың негізгі бағыттары бойынша білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады, соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік, медиа және цифрлық коммуникациялар, сондай-ақ пәнаралық білім беру бағыттары бар.


Университетте мамандар даярлау кәсіби білім мен дағдыларды, басқарушылық, экономикалық және коммуникативтік құзыреттерді кешенді дамыту қағидаттарына, сондай-ақ ағылшын тілін меңгеруге негізделген, түлектердің жаһандық еңбек нарығы жағдайында бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етеді.

Қоғам дамуының заманауи сатысы турбулентті, тұрақсыз әрі жылдам өзгеретін жаһандық ортаның қалыптасуымен сипатталады, бұл ортаға жоғары деңгейдегі белгісіздік, технологиялық өзгерістердің жеделдеуі және жүйелік тәуекелдердің артуы тән. Осындай жағдайда университеттер білім беру, ғылым және басқарудың дәстүрлі модельдерін қайта қарастырып, икемдірек әрі бейімделгіш форматтарға көшуге мәжбүрлік танытады, мұндай форматтар тұрақтылықты қамтамасыз етіп, мамандарды үздіксіз өзгерістер, цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы және жасанды интеллект (AI) жағдайында жұмыс істеуге даярлауға мүмкіндік береді.


Миссия

Турбуленттілік және осалдықтары ұшырасып отыратын орта жағдайында цифрлық және AI-құзыреттерге ие мамандар мен зерттеушілерді даярлау.


Стратегиялық мақсат

Жылдам технологиялық өзгерістер дәуірінде Орта Азиядағы цифрлық және AI шешімдерін қалыптастырушы жаңа буын университетіне айналу.


Пайымы

ХАТУ ‒ «AI Driven University» ‒ жауапты AI-көшбасшылар мен серпінді технологияларға негізделген, білім беру, ғылым және инновациялардың құндылыққа бағатталған экожүйесі.


«ХАТУ» АҚ-ның негізгі сапалы параметрлері (2026–2030):

  1. Университетті дамытудың адамға бағытталған моделі;
  2. Қазақстанда және әлемде технологиялық құрылымдағы өзгерістерді ескере отырып кадрлар даярлау;
  3. Университетті «AI-Driven» технологиялық көшбасшы ретінде позициялау;
  4. Жасампаздық, инновациялар және кәсіпкерлікке негізделген ашық экожүйе;
  5. Икемді ұйымдастырушылық және инновациялық сәулет;
  6. Деректер аналитикасы, AI және сараптамалық шешімдер негізінде басқару;
  7. Университеттің экономикалық тұрақтылығы және инвестициялық тартымдылығы.

«ХАТУ» АҚ Қазақстандағы жетекші АКТ жоғары оқу орны мәртебесін жүйелі түрде нығайтып келеді: 2012 жылғы мамыр айында университет ҚР БҒМ-нің мемлекеттік аттестаттауынан сәтті өтіп, тәуекелдің төмен деңгейін алды (аттестаттау бес жылда бір рет өткізіледі), ал 2012 жылғы 21 маусымда бейіндік мамандықтар бойынша PhD докторантурада ғылыми кадрлар даярлауға лицензия алды; 2013 жылғы 8 мамырда ХАТУ ҚР БҒМ-нің ғылыми және ғылыми-техникалық аккредитациясын алды және 2023 жылғы 14 маусымда қайта аккредитациядан өтті (МК сериясы №000226), 2016 жылы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыты бойынша Диссертациялық кеңес ашылды; «Ақпараттық қауіпсіздік» бағыты еліміздегі ең мықты бағыттардың бірі, 2017 жылғы 14 желтоқсанда ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп Киберқауіпсіздік құзырет орталығы құрылды, ал 2018 жылы университет «061 – АКТ» және «063 – Ақпараттық қауіпсіздік» бағыттары бойынша ОӘБ ЖОӘК мәртебесін алды; 2018 жылғы 5 желтоқсанда ҚР Қорғаныс министрлігінің қолдауымен киберқауіпсіздік саласы бойынша әскери кафедра ашылды.


2022 жылы «ХАТУ» АҚ және әлемге танымал «Microsoft» компаниясы цифрлық технологиялар саласында жоғары білікті мамандар даярлау және бірлескен жобаларды іске асыру бойынша стратегиялық әріптестік туралы келісім жасады.

2020 жылдан бастап ХАТУ Орталық Азиядағы Coursera платформасының амбассадоры. 2023 жылы университет қабырғасында алғашқы халықаралық Coursera Day өтті, онда Coursera СЕО-сы Джефф Маджионкальди сөз сөйледі. 2025 жылғы желтоқсанда университет білім алушылардың цифрлық бағдарламаларға жоғары деңгейде тартылуы үшін Coursera Engagement Excellence Award (EMEA) марапатына ие болды.

Университетте жаңа білім беру бағдарламалары ашылып, сәтті жүзеге асырылуда: «Бизнес саласындағы ақпараттық технологиялар», «Жасанды интеллект», «Математикалық және компьютерлік модельдеу», «IT саласындағы EMBA іскерлік әкімшілендіру».


Университет инновациялық инфрақұрылымды белсенді дамытып, жаңа оқу және оқу-ғылыми зертханаларды құруда. 2024 жылы жапондық Anritsu компаниясының қолдауымен Қазақстан Республикасындағы алғашқы 5G оқу зертханасы ашылды. 2025 жылы үш жаңа зертхана іске қосылды: Research Lab of Advanced Cognitive and AI (ACAI Lab) – когнитивтік технологиялар және жасанды интеллект бойынша зерттеу зертханасы; цифрлық схемотехника зертханасы; заманауи VR&AR құралдарымен жабдықталған «DREAM Lab» зертханасы.

Университет Apple, Huawei, SAP, Oracle, Cisco, Microsoft, Coursera, «Касперский зертханасы», «1С» және Halyk Bank сияқты жетекші халықаралық және ұлттық компаниялар, ұйымдармен ынтымақтастықты дамытуда. Бұл серіктестіктер заманауи цифрлық технологиялар мен тәжірибелерді білім беру және ғылыми үдерістерге енгізуге, сондай-ақ мамандар даярлаудың практикалық бағыттылығын арттыруға мүмкіндік береді.


Халықаралық ынтымақтастықтың жеке бағыты университеттің UNICEF және Erasmus+ бағдарламаларына қатысуымен байланысты. Осы жобалар аясында студенттер мен ооқытушылардың академиялық ұтқырлығы, бірлескен білім беру бастамалары және еуропалық университеттермен тәжірибе алмасу жүзеге асырылады, бұл білім беруді интернационалдандыруға және білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруға ықпал етеді.

2025 жылғы наурыз айында университет Еуропадағы жетекші аккредитациялық агенттік ASIIN (Германия) тарапынан институционалдық қайта аккредитациядан өтіп, білім беру сапасының еуропалық стандарттарына сәйкестігін және халықаралық артықшылық мәртебесін қайта растаған Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орны атанды.


2025 жылдың қорытындысы бойынша «Атамекен» ұлттық рейтингіне сәйкес университет «Ақпараттық қауіпсіздік» (2/8), «Ақпараттық технологиялар» (2/7), «Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар» (2/23) мамандықтары бойынша көшбасшы позицияларды иеленді.

2024 жылы университет QS Asia University Rankings халықаралық рейтингіне енді және THE халықаралық рейтингінде Reporter мәртебесін алды. «ХАТУ» АҚ университеттердің БҰҰ-ның (SDG) Тұрақты даму мақсаттарына қосқан үлесін бағалайтын беделді Times Higher Education Impact Rankings 2025 халықаралық рейтингінде 1501+ орынды иеленді.


2025 жылғы қазан айындағы Webometrics халықаралық рейтингінің деректеріне сәйкес, «ХАТУ» АҚ әлемдегі 30 000-нан астам университеттің ішінде 3754-орынға ие болды. 2024 жылғы шілде айындағы көрсеткіштермен салыстырғанда университет позициясы 1762 тармаққа жақсарды. Бұл ХАТУ-дың Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының ТОП-5 қатарына енуіне мүмкіндік берді және университеттің цифрлық қатысымдығы, ғылыми танымалдылығы мен ашықтығы саласындағы оң серпінді көрсетеді.

Университет халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламаларын, қос дипломды білім беру бағдарламаларын және ғылыми тағылымдамаларды жүйелі түрде дамытып келеді, бұл бағыттағы жұмыс шетелдік университеттер және ғылыми ұйымдармен жасалған 100-ден астам келісімге негізделген. Серіктестік географиясы Еуропа мен Азия елдерін қамтиды: Германия, Польша, Түркия, Италия, Малайзия, Корея Республикасы, Қытай, Аустралия, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттері.


2024–2025 оқу жылында сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламаларына 90-нан астам білім алушы қатысты, оның ішінде сыртқа шығатын және сырттан келетін ұтқырлық бар.

2024 жылы ХАТУ студенттері ICPC World Finals 2024 бағдарламалау олимпиадасының әлемдік финалында 130 команда арасында 24-орынды иеленді. ХАТУ-дың студенттік командалары баскетбол, футбол, тоғызқұмалақ, пауэрлифтинг және шахмат бойынша командалық жарыстарда тұрақты түрде жүлделі орындарға ие болып келеді.

2024–2025 оқу жылында білім беру қызметіне тартылған шетелдік оқытушылар санының өскені байқалды: олардың саны 33 адамды құрады. Шетелдік оқытушылар барлық білім беру бағдарламаларын іске асыруға қатысып, оқытудың халықаралық құрамдас бөлігін күшейтеді және білім сапасының артуына ықпал етеді.


2025 жылғы түлектер қорытындысына сәйкес мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі 91,8%-ды құрады, бұл көрсеткіш түлектердің жоғары сұранысқа ие екенін және білім беру бағдарламаларының практикалық бағыттылығын растайды.

2014 жылы Scopus ХҒДҚ-да «ХАТУ» АҚ-да аффилирленген авторлардың жарияланымдары 28 болса, 2025 жылы (10.11.2025ж. дерек бойынша) олардың саны 195-ке жетті, 2025 жылдың соңындағы университет профиліндегі жарияланымдардың жалпы саны – 1106. «ХАТУ» АҚ-да аффилирленген авторлардың дәйексөз алу көрсеткіші (өзін-өзі дәйексөздеуді есепке алмағанда) 2014 жылы 17 сілтемені құраса, 2025 жылы 1616-ға жетті.


ҚР ҒЖБМ ҒЖБСҚК төрағасының 04.03.2025 жылғы №395 бұйрығына сәйкес АҚ «ХАТУ» АҚ-да 8D061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыты бойынша (білім беру бағдарламалары: 8D06101 – Зияткерлік жүйелер; 8D06102 – Компьютерлік және бағдарламалық инженерия; 8D06103 – Ақпараттық жүйелер; 8D06105 – Деректер туралы ғылым) диссертациялық кеңес ашылды. Диссертациялық кеңес 3 жыл мерзімге (2025–2028 жж.) ашылды. 2025 жылғы желтоқсандағы дерек бойынша «ХАТУ» АҚ-ны бітірген 128 докторанттың 27-сі диссертациясын қорғады, бұл жалпы санның 21%-ын құрайды.

2025 жылы ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыру бағдарламалары аясында жүзеге асырылған ғылыми жобалар саны 15-ті құрады, ал 2015 жылы бұл көрсеткіш 3 жоба болған.


Қол жеткізілген нәтижелер 2022–2025 жылдарға арналған университеттің Даму стратегиясын іске асырудың қорытындысы болды. Жалпы алғанда, университет стратегиялық бағыттардың басым бөлігі бойынша оң нәтиже көрсетті. Сонымен қатар, 2022–2025 жылдарға арналған Стратегияны іске асыруды талдау қосымша назар аударуды және тәсілдерді нақтылауды қажет ететін жекелеген бағыттарды анықтауға мүмкіндік берді.

Ең алдымен бұл білім алушылардың академиялық ұтқырлығына қатысты. Сырттан кіретін және сыртқа шығатын ұтқырлықтың нақты көрсеткіштері жоспарланған деңгейден төмен болып отыр, бұл халықаралық және жоғары оқу орындары арасындағы алмасуларды қолдауды күшейту қажеттігін көрсетеді. Негізгі кедергі келтіретін факторлар – гранттар мен стипендиялар санының шектеулігі, сондай-ақ білім алушыларға түсетін қаржылық жүктеме.


Кадрлық тұрақтылық мәселесі де ерекше көңіл бөлуді талап етеді. ӘБП мен ПОҚ-тың тұрақсыздық деңгейі жоспарланған көрсеткіштен асты. Бұл еңбек нарығында ІТ-мамандар жоғары бәсекелестікпен және материалдық ынталандыру мүмкіндіктерінің шектеулігімен байланысты, соның салдарынан білікті кадрларды тарту және ұстап қалу қиындық тудыруда.

Сондай-ақ қызметкерлерді ынталандыру жүйесін кеңейту және университеттің қаржылық дамуының ішкі тетіктерінің тиімділігін арттыру міндеті өзекті болып отыр.

Университет аталған бағыттарды дамудың келесі кезеңінің басымдықтары ретінде қарастырады. 2026–2030 жылдары кадрлық саясатты нығайту, ынталандыру тәсілдерін кеңейту және жаңа серіктестіктер, гранттық мүмкіндіктер мен білім алушылар және оқытушыларды институционалдық қолдау есебінен академиялық ұтқырлықты дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізу жоспарлануда.


Университеттің ішкі және сыртқы орта факторларын талдау


Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы және жаһандық трансформация жағдайында цифрландыру адам қызметінің барлық саласының ажырамас бөлігіне айналуда. Мемлекеттік органдар, бизнес және қоғам инновациялық шешімдерді әзірлеуге және енгізуге қабілетті мамандарды көбірек қажет етеді. Бұл үдерісте жасанды интеллект (AI) ерекше орын алады, өйткені ол дәстүрлі салаларды трансформациялап қана қоймай, ғылыми зерттеулер мен білім беру бағдарламаларының жаңа бағыттарын қалыптастырады.

«ХАТУ» АҚ цифрлық экономика үшін кадрлар даярлауда негізгі рөл атқаруы тиіс. Университет білім беру, ғылыми және инновациялық қызмет үйлесетін құзырет орталығы ретінде әрекет етуі қажет. Бұл Қазақстан үшін аса маңызды, себебі мемлекет «цифрлық мемлекет» дамыту, «ақылды» сервистерді енгізу, Индустрия 4.0-ді дамыту және халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру міндеттерін алға қойып отыр.


Мұндай жағдайларда университеттер тек білім беру функциясын ғана атқарып қоймай, жаңа цифрлық шешімдерді әзірлеу мен енгізу орталықтарына айналады. «ХАТУ» АҚ үшін бұл икемділіктің қажеттілігін, сыртқы өзгерістерге тұрақты бейімделуді, инфрақұрылымды жаңғыртуды, ІТ-индустриямен ынтымақтастықты кеңейтуді және халықаралық байланыстарды нығайтуды білдіреді.

Университеттен цифрлық технологиялар мен AI саласында практикалық құзыреттерге ие мамандар даярлау, зерттеу және инновациялық ортаны дамыту, мемлекеттік және корпоративтік цифрлық бастамаларды іске асыруға қатысу, сондай-ақ сұранысқа ие ғылыми және қолданбалы шешімдердің пайда болуына жағдай жасау күтіледі. «ХАТУ» АҚ мамандар даярлауды, ғылыми зерттеулерді дамытуды және қолданбалы цифрлық шешімдерді енгізуді қамтамасыз ете отырып, өзін ІТ және AI саласындағы белсенді ойыншы ретінде көрсетеді.

Аталған үрдістер мен сын-қатерлерді ескере отырып, төменде ІТ және AI саласындағы негізгі факторлар, сондай-ақ «ХАТУ» АҚ-да іске асырылып жатқан немесе іске асыру жоспарланған тиісті білім беру, ғылыми және практикалық бағыттағы шешімдер ұсынылады.


АКТ және АІ саласындағы сын-қатерлер

«ХАТУ» АҚ  білім беру бағдарламалары

«ХАТУ» АҚ-ның  жаһандық сын-қатерлерге беретін жауаптары

AI жедел дамыту және білікті мамандардың тапшылығы

Жасанды интеллект (барлық білім беру деңгейлері)

AI-шешімдерді әзірлеуге, енгізуге және масштабтауға қабілетті мамандар даярлау

Экономика және бизнесті цифрлық трансформациялау

Ақпараттық жүйелер, Бизнестегі ақпараттық технологиялар

Мемлекеттік және жеке ұйымдарды цифрландыруға арналған кадралар қалыптастыру

Киберқауіптер және кибершабуылдар санының өсуі

Компьютерлік қауіпсіздік, Желілік қауіпсіздік

Цифрлық инфрақұрылым мен сындарлы маңызды жүйелерді қорғауды қамтамасыз ету

Көлемді деректер және олардың өңдеудің қиындықтары

Data Science, Көлемді деректер аналитикасы

Талдау, болжау және шешім қабылдауды қолдауға арналған шешімдер әзірлеу

Практикалық-бағдарланған ИТ-білімнің жеткіліксіздігі

Программалық инженерия, Ақпараттық жүйелер

Нақты жобалардың тәжірибесі мен практикалық дағдылары бар инженерлерді даярлап шығару

Өңірлердегі цифрлық дағдылардың әркелкі дамуы

Онлайн-білім беру (келешекте), ИТ-курстар

Сапалы ИТ-білімге қолжетімділікті кеңейту

AI қолданудағы этикалық және құқықтық тәуекелдер

Жасанды интеллект + элективті пәндер

ЖИ жауапкершілікпен және қауіпсіз пайдалануды қалыптастыру

Таланттар үшін жаһандық бәсекелестік

Қос дипломды ББ

Әлемдік еңбек нарығында түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Технологиялар мен білімнің ескіруі и знаний

Үздіксіз білім беру, магистратура, PhD Нарық қажеттілігін ескере отырып ББ-ны үнемі жаңарту

Мамандардың құзыреттерін бүкіл еңбек жолы бойы жаңартып отыру  


Алдыңғы Даму стратегиясын іске асыру нәтижесінде университет цифрландыруға, ғылыми-инновациялық және кәсіпкерлік қызметке бағытталған University 4.0 қағидаттарына сәйкес келетін модель қалыптастырды. Білім беру, ғылым және технологияларды интеграциялау бойынша негізгі механизмдер құрылып, зерттеулердің қолданбалы бағыты күшейтілді, индустриямен өзара әрекет кеңейтіліп, білім беру және басқару процестеріне цифрлық құралдар енгізілді. Бұл университеттің технологиялық өзгерістерге тез бейімделу қабілетін арттырды.

Сыртқы ортаның тұрақсыздығын ескере отырып, жаңа Стратегия University 4.0 моделін жүйелі түрде нығайтуға және University 5.0 моделіне өту негізін қалыптастыруға бағытталған. Бес жылдық кезең аясында университет барлық қызмет салаларында AI-ды адамға бағдарланған және жауапкершілікті түрде қолдануға, халықаралық және пәнаралық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ деректер талдауына, AI-ға және тұрақты даму принциптеріне негізделген басқару моделін енгізуге шоғырланады. Бұл университеттің жоғары деңгейдегі белгісіздік жағдайында келесі трансформация кезеңіне институционалдық, кадрлық және технологиялық дайын болуын қамтамасыз етеді.


Күтілетін нәтижелер


2026–2030 жылдарға арналған университеттің Даму стратегиясын іске асыру «ХАТУ» «AI-Driven» университеті және технологиялық көшбасшы ретінде қалыптастыруға, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азиядағы цифрлық трансформация жағдайында мемлекет, индустрия және қоғам арасындағы «цифрлық көпір» рөлін атқаруға мүмкіндік береді. Университет University 5.0 аясында «AI-Driven University» моделіне жүйелі түрде көшеді, оның ортасында адам, құндылықтар және тек AI құралдарын ғана емес, кез келген технологияларды жауапкершілікпен қолдану тұр. Университет AI, деректер аналитикасы, киберқауіпсіздік және цифрлық шешімдерді әзірлеу саласында, соның ішінде GovTech, AI-инжиниринг және цифрлық архитектура бағыттарында мамандандыруды күшейтеді. Бұл жаңа экономика мен жаһандық еңбек нарығы талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларының үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Білім беру, ғылым және басқару жүйелі түрде деректерге, AI құралдарына және заманауи цифрлық шешімдерге негізделеді, ал AI-ды жауапкершілікпен қолдану университеттік экожүйені дамыту негізі болады. Бұл университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, стратегиялық деңгейдегі технологиялық шешімдерді жасау және енгізе алатын мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді.


Университет ғылыми-зерттеу және сараптамалық әлеуетті PhD дәрежесіне ие қызметкерлердің үлесін арттыру, жетекші зерттеушілерді тарту және AI, цифрлық технологиялар мен қолданбалы әзірлемелер саласындағы ғылыми мектептерді дамыту арқылы күшейтеді. R&D бағытына, индустриялық компаниялар мен технологиялық экожүйелермен серіктестік негізінде қолданбалы шешімдер мен зияткерлік меншік объектілерін құруға арнайы назар аударылады, бұл университеттің цифрлық экономика дамуына және IT-қызметтерінің экспорттық әлеуетіне қосқан үлесін қамтамасыз етеді.


Стратегия халықаралық танымалдылықты арттыруға және «МУИТ» АҚ-ның AI және цифрлық технологиялар саласындағы сараптама орталығы ретінде позициясын нығайтуға бағытталған. Университет жетекші шетелдік университеттермен, ғылыми-зерттеу орталықтарымен және индустриялық серіктестермен ынтымақтастықты кеңейтуді, шетелдік студенттер мен оқытушылар санын арттыруды, сондай-ақ жаһандық білім беру және ғылыми желілерге интеграцияны жалғастырады.


2026–2030 жылдарға арналған Стратегия аясында университеттің жаңа оқу корпусы мен технологиялық инфрақұрылымын қайта құру жобасы жүзеге асырылады. Заманауи интеллектуалды кампус құрылып, оқыту, ғылыми зерттеулер, AI шешімдерін әзірлеу және инновациялық жобаларды іске асыру үшін жағдайлар жасалады. Университет инфрақұрылымы «AI-Driven» моделінің талаптарына сәйкес жаңартылып, қауіпсіз технологиялық орта жасалады. Инклюзивті және қолжетімді білім беру ортасын құруға арнайы назар аударылады. Бұл білім сапасын арттыруға, ғылыми және инновациялық қызметті дамытуға және ХАТУ-дың аймақтағы жетекші технологиялық университет ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.


2026–2030 жылдарға арналған Стратегияны іске асыру нәтижесінде «ХАТУ» АҚ тұрақты «AI-Driven» экожүйесін қалыптастырады, онда AI білім, ғылым, басқару және инновациялық қызметтің негізі болады. Университет AI-ды тек қолдану ғана емес, оны барлық негізгі үдерістерге жүйелі түрде интеграциялап, жоғары белгісіздік пен технологиялық өзгерістер жағдайында цифрлық және AI шешімдерін әзірлеу, енгізу және басқара алатын бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды қамтамасыз етеді. ХАТУ AI, деректер аналитикасы, киберқауіпсіздік және цифрлық технологиялар саласындағы бірегей даярлау профилін бекітіп, адам капиталы, инновациялар және Қазақстан мен өңірдің цифрлық трансформациясын дамытуға үлес қосатын технологиялық көшбасшы және сараптама орталығы ретіндегі позициясын нығайтады.


Табыстың негізгі факторлары


Ағымдағы жағдайды талдау, қойылған мақсаттар мен таңдалған даму бағыттарын ескере отырып, Стратегияның табысты іске асуы нақты неге тәуелді болатынын анықтау маңызды. Бұл факторларды түсіну күш-жігерді басты бағыттауға, өзгерістерге уақытында жауап беруге және университеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Стратегияны іске асыру Басқарма мүшелері, ПОҚ және ӘБП КПД карталарына енгізілген, өлшенетін көрсеткіштер жүйесіне сүйенеді. Төменде стратегияның сәттілігін, тұрақтылығын, басқарылуын және нәтижелілігін анықтайтын негізгі факторлар келтірілген:

ІТ және AI-ға бағдар. Университеттің ІТ және AI салаларын негізгі дайындық, зерттеу және инновация бағыттары ретінде нақты белгілеуі мемлекеттік органдар, бизнес пен студенттер үшін сұранысқа ие болуын қамтамасыз етеді.

Білім сапасы және практикалық бағыттылық. Білім беру бағдарламаларын жүйелі жаңарту, индустриялық серіктестердің қатысуы, дуалды оқыту, виртуалды және AI-зертханаларды енгізу білім сапасының тұрақты өсуін, студенттердің жоғары деңгейде дайындалуын және түлектердің жұмысқа орналасуын қамтамасыз етеді.

Мықты оқытушылық құрам және жоғары деңгейдегі зерттеу топтары. Дәрежесі бар оқытушылардың үлесін арттыру, ПОҚ біліктілігін көтеру, шетелдік оқытушылар мен зерттеушілерді тарту білім мен ғылым сапасына тікелей әсер етеді.

Дамыған ғылыми және инновациялық орта. Гранттық жобаларға белсенді қатысу, Scopus пен WoS базасындағы жарияланымдардың өсуі, студенттер мен докторанттарды зерттеулерге тарту тұрақты ғылыми-инновациялық экожүйені қалыптастырады.

Халықаралық интеграция. Академиялық ұтқырлық, қос диплом, халықаралық зерттеу бағдарламаларына қатысу және шетелдік университеттермен ынтымақтастық ХАТУ-дың халықаралық танымалдылығын және тартымдылығын арттырады.

Заманауи инфрақұрылым және технологиялық артықшылық. Жаңа оқу ғимаратын қайта жасау, «ақылды» дәрісханалар құру, бизнес-процестерді цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік стандарттарын енгізу технологиялық тұрғыдан мықты университет кампусын қалыптастырады.

Деректер мен AI негізіндегі басқару. Деректер аналитикасын, цифрлық көрсеткіштерді және AI құралдарын басқаруда қолдану икемділікті, ашықтықты және шешім қабылдау жылдамдығын арттырады.

Қаржылық тұрақтылық және кірістерді әртараптандыру. Бюджеттен тыс кірістерді арттыру, қосымша білім беру және стартап-экожүйесін дамыту сыртқы тәуекелдерге тәуелділікті төмендетеді.

Адам капиталы мен корпоративтік мәдениетті дамыту. Қызметкерлерді ынталандыру, тарту және сенімге бағытталған жүйелі жұмыс стратегияның тұрақтылығын және оның практикада іске асуын қамтамасыз етеді.

Турбулентті сыртқы орта жағдайында икемділік пен бейімделгіштік. Университеттің білім беру бағдарламаларын, ғылыми басымдықтарын және басқарушылық шешімдерін технологиялық, экономикалық және әлеуметтік ортадағы өзгерістерге дер кезінде бейімдей алу қабілеті деректер аналитикасы мен AI қолдану арқылы жүзеге асады.


Университет құндылықтары


AI-ды жауапкершілікпен пайдалану – «AI-Driven University» тұжырымдамасының іргетасы болып табылады және білім беру, ғылым, басқару және инновациялар сияқты барлық негізгі процестерде AI-ды қолдану қағидаттарын айқындайды. Университет AI-ды экожүйені дамыту мақсатында ашықтық, этика және қауіпсіздік қағидаттарын сақтай отырып, адамға бағдарлану және цифрлық құралдарды қолданудың әлеуметтік әрі ұзақ мерзімді салдарын ескеру негізінде пайдаланады.

Академиялық адалдық – білім беру, ғылыми және басқару қызметінде адалдық, ашықтық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарына бейілділік, оның ішінде академиялық этика нормаларын және AI-ды жауапкершілікпен пайдалану стандарттарын сақтау.

Инновациялар және ғылым – университет экожүйесінде зерттеулердің, қолданбалы әзірлемелердің, стартап-қызметтің және технологиялар трансферінің негізгі драйверлері ретінде AI, деректер және цифрлық технологиялар негізінде ғылым мен инновацияларды дамыту.

Сапа және бәсекеге қабілеттілік – дербестендірілген оқыту, цифрлық технологияларды дамыту, AI-құзыреттерді қалыптастыру және тәжірибеге бағатталған бағдарламалар арқылы еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау және білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету.

Тұрақты және жауапты цифрлық даму – университеттің цифрлық ортасында тұрақты даму, ESG және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын енгізу, оның ішінде AI-ды этикамен пайдалану, инклюзивтілік және технологиялық шешімдердің әлеуметтік маңыздылығын қамтамасыз ету.

Ашықтық және халықаралық ынтымақтастық – университеттер, зерттеу орталықтары, өндірістер және цифрлық платформалармен серіктестік орнату, сондай-ақ деректер, білім және үздік тәжірибелермен алмасу арқылы AI, білім беру, ғылым және цифрлық технологиялар саласында ашық халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Көшбасшылық және жеке тұлғаны дамыту – белгісіздік пен турбулентті орта жағдайында AI-ды пайдалана отырып негізді шешімдер қабылдауға, AI-жүйелерін басқару және цифрлық әрі ұйымдастырушылық трансформацияларды жүзеге асыруға қабілетті жаңа буын AI-көшбасшыларын қалыптастыру.

Зияткерлік басқару – университеттің стратегиялық және операциялық дамуының ашықтығын, негізділігін, бейімділігін және тұрақтылығын қамтамасыз ететін деректерді талдау, цифрлық метрикалар және AI негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау.


Стратегиялық бағыттар


Білім беру және әлеуметтік-тәрбие беру қызметін жетілдіру

Білім беру және әлеуметтік-тәрбие беру қызметін жетілдіру барлық білім беру бағдарламаларына AI құралдарын интеграциялау арқылы икемді, құзыреттілікке бағдарланған оқыту моделін дамытуға бағытталған. Әлеуметтік-тәрбие беру жұмыстары азаматтық жауапкершілікті, жаңа буынның көшбасшылық қасиеттерін және академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыруға, студенттік өзін-өзі басқару дағдысын дамытуға және инклюзивті әрі қауіпсіз университет ортасын құруға бағдарланады

Ғылыми әлеуетті және зерттеу инфрақұрылымын дамыту

Ғылыми әлеуетті және зерттеу инфрақұрылымын дамыту іргелі және қолданбалы зерттеулердің өсуі, білім беру және ғылыми жобалар бойынша халықаралық серіктестік желіні кеңейту, жарияланымдық және патенттік белсенділікті арттыру, гранттық қаржыландыруды тарту, өндірістік R&D-серіктестіктерді кеңейту, сондай-ақ жас, дарынды студенттер мен зерттеушілерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына жүйелі түрде тарту арқылы қамтамасыз етіледі.

Университеттің технологиялық артықшылығын қамтамасыз ету және инфрақұрылымын дамыту

Университеттің технологиялық артықшылығы мен инфрақұрылымдық тұрақтылығы цифрлық (виртуалды) және оқу-зертханалық базаны жаңарту, заманауи IT-платформалар мен сервистерді енгізу, киберқауіпсіздік деңгейін арттыру арқылы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар білім беру, ғылым және инновациялар үшін сенімді технологиялық орта, сондай-ақ инкубациялық және акселерациялық бағдарламалар, менторлық және инвестициялық қолдау, өндірістегі серіктестіктер негізінде студенттік стартап-кәсіпкерлік экожүйесі қалыптастырылады.

Университеттің ұлттық және халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Университеттің ұлттық және халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру академиялық беделді нығайту, білім беру бағдарламалары мен ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру, академиялық ұтқырлық деңгейін өсіру, шетелдік студенттер мен оқытушылар үлесін көбейту, ұлттық және халықаралық рейтингтердегі позицияларды жақсарту арқылы қамтамасыз етіледі.

Университеттің қаржылық-экономикалық тұрақтылығы: турбуленттілік жағдайда корпоративтік AI-мәдениетті және басқару жүйесін дамыту

Адами капиталды, корпоративтік мәдениетті және басқару жүйесін дамыту заманауи HR - тәжірибелер мен мотивация модельдерін енгізу, қызметкерлердің біліктілігі мен тартылуын арттыру, академиялық этика құндылықтарын және нәтижеге бағдарлануды нығайту, сондай-ақ деректер мен KPI негізінде басқару процестерін жетілдіру арқылы қамтамасыз етіледі.

Версия сайта для слабовидящих