2025 жылғы 18 желтоқсанда «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ СТ РК ISO 9001–2016 ұлттық стандарты талаптарына сәйкестігі бойынша сапа менеджменті жүйесінің екінші инспекциялық аудитінен сәтті өтті.
Аудитті сәйкестікті растау жөніндегі ұлттық орган – «EUROASIA-MS» ЖШС аудиторлар тобы жүргізді. Аудит барысында сарапшылар сапа менеджменті жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін университет бөлімшелері мамандарының жоғары құзыреттілігін, басшылар мен қызметкерлердің кәсіби деңгейін және басқару жүйелері саласындағы жоғары дайындықтарын атап өтті.
Аудит нәтижесінде сапа менеджменті жүйесінің жұмысында сәйкессіздіктер анықталған жоқ. Аудиторлар тобы жүйенің тұрақты жұмыс істеуін атап өтіп, оны одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар берді.
Университеттің сапа менеджменті жүйесі тұрақты түрде қолдау табады және үздіксіз дамытылып отырады. СМЖ процестеріне тұрақты бақылау, мониторинг және талдау жүргізіледі. Сапа менеджменті жүйесінің құжаттамасы жүйелі түрде жаңартылып, жетілдіріліп отырады, қажет болған жағдайда жаңа құжаттар әзірленеді. Қазіргі уақытта университетте университет қызметінің негізгі және қолдаушы процестерін реттейтін 235-тен астам СМЖ құжаты әзірленіп, бекітілген.
Сапа менеджменті жүйесі университет үшін тиімді басқарудың маңызды құралы және білім беру процесінің сапасын қамтамасыз етудің кепілі болып табылады. Ол университеттің білім беру қызметіне қойылатын талаптарды орындау қабілетін және мамандарды даярлаудың жоғары сапасын қамтамасыз ететіндігін көрсетеді.
Университетте сапа менеджменті жүйесі 2011 жылдан бері жұмыс істейді. Оны енгізу университетті басқарудың тиімділігін арттыруға, құрылымдық бөлімшелердің өзара іс-қимылын жақсартуға, қызметкерлердің ынталандыру деңгейін және барлық басқару деңгейлерінде қабылданатын басқарушылық шешімдердің сапасын арттыруға ықпал етті.
ISO 9001 халықаралық стандартына және оның ұлттық нұсқасына сәйкес сапа менеджменті жүйесін ерікті сертификаттау университеттің сапаны басқару саласындағы талаптарды сақтайтынын растайды және университеттің ұлттық және халықаралық деңгейдегі сенімділігі мен бәсекеге қабілеттілігінің қосымша кепілі болып табылады.