ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІК
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІК ТУРАЛЫ
Оқу-әдістемелік бірлестік — ҚР Жоғары және жоо-дан кейінгі білім беру кадрларын даярлау бағыттары бойынша ҚР ҒЖБМ РОӘК жобаларын басқару тобы «061 — Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «063 — Ақпараттық қауіпсіздік».
Оқу-әдістемелік бірлестік/Жобаларды басқару тобы (бұдан әрі — ОӘБ/ЖБТ) ҚР Білім және ғылым министрінің №562 2018 жылғы 12 қазан «Жоғары және жоо-дан кейінгі білім беру кадрларын даярлау бағыттары бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңес пен оқу-әдістемелік бірлестіктерді құру және олардың қызметі туралы ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес қызмет атқарады.
ХАТУ АҚ базасындағы ОӘБ Қазақстан Республикасының жоғары және жоо-дан кейінгі білім беру жүйесіндегі консультативтік-кеңесші жұмыс органы. ОӘБ қызметін басқару ҚР БҒМ жанындағы жоғары және жоо-дан кейінгі білім беру бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңес арқылы жүзеге асырылады.
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІКТІҢ ҚЫЗМЕТІ
Қазақстанның жоғары және жоо-дан кейінгі білім беру жүйесін ұлттық біліктілік шеңберіне, салалық біліктілік шеңберлеріне және кәсіби стандарттарға сәйкес дамыту тәсілдерін әзірлеу.
Әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған Қазақстанның жоғары және жоо-дан кейінгі білім беру жүйесін дамыту стратегиясын қалыптастыруға қатысу.
Өзгеріп отырған жағдайларды ескере отырып және жаһандық шақыруларды назарға ала отырып, оқу процесін оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.
Жоғары және жоо-дан кейінгі білім берудің ішкі және сыртқы сапа қамтамасыз ету жүйелерін жетілдіру тәсілдері мен әдістерін әзірлеу.
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІКТІҢ ҚҰРАМЫ
ҚҰЖАТТАРЫ
КОНТАКТЫ