Басқару және құрылым
БАСҚАРМА ТУРАЛЫ
Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және Қоғам Жарғысымен Қоғамның басқа органдары мен лауазымды тұлғаларының құзыретіне жатпайтын Қоғам қызметінің кез келген мәселелері бойынша шешім қабылдауға құқылы. Басқарма Директорлар кеңесінің мүшелеріне өздеріне жүктелген міндеттерді орындау кезінде Қоғам қызметі туралы, оның ішінде құпия сипаттағы ақпаратты, жазбаша сұрау алынған сәттен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді.
Функциялары, құқықтары мен міндеттері Басқарма төрағасы мен мүшелерінің заңнамаға, Қоғам Жарғысына, сондай-ақ олардың әрқайсысы Қоғаммен жасасатын еңбек шартына сәйкес айқындалады. Басқарма мүшесі Қоғам қызметінің өзіне жүктелген бағыттары шегінде құжаттарға қол қоюға құқылы.
Функциялары, құқықтары мен міндеттері Басқарма төрағасы мен мүшелерінің заңнамаға, Қоғам Жарғысына, сондай-ақ олардың әрқайсысы Қоғаммен жасасатын еңбек шартына сәйкес айқындалады. Басқарма мүшелері өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғам Жарғысына және ішкі құжаттарына, Акционерлердің жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесінің шешімдеріне сәйкес жүзеге асыруы тиіс. Басқарма мүшелері құрылымдық бөлімшелерді қадағалайды және өздеріне бекітілген қызмет бағыттары шегінде мәселелерді шешеді.
Негізгі алқалық органдар
Оқу-әдістемелік кеңес
Білім беру ұйымының оқу-әдістемелік қызметін дамытуды үйлестіретін және қамтамасыз ететін, білім беру бағдарламаларын іске асыру, оқу процесін жетілдіру және оқыту сапасын арттыру мәселелерін қарайтын алқалы басқару органы.
Толығырақ
Оқу-әдістемелік
бірлестік
Оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу, талқылау және жетілдіру, пәндерді оқытуды үйлестіру және ұқсас пәндер даярлаудың бір бағыты немесе тобы шеңберінде тәжірибе алмасу үшін құрылатын оқытушылардың кәсіби алқалы бірлестігі.
Толығырақ
Ғылыми кеңес
Ғылыми кеңес — білім беру, ғылыми және инновациялық қызметтің, стратегиялық дамудың, кадрлық саясаттың және білім беру сапасын қамтамасыз етудің негізгі мәселелері бойынша шешімдерді қарауды және қабылдауды жүзеге асыратын университеттің алқалы басқару органы.
Толығырақ
Ғылыми-техникалық
кеңес
Ұйымның ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің мәселелерін қарауды және үйлестіруді жүзеге асыратын, ғылыми бағыттарды дамытуды, жобаларға сараптама жасауды және зерттеу нәтижелерін енгізуді қамтитын алқалы басқару органы.
Толығырақ
Жас ғалымдар кеңесі
Жас зерттеушілер мен оқытушылардың мүдделерін білдіретін, олардың ғылыми, кәсіби және инновациялық қызметін дамытуға, сондай-ақ университеттің ғылыми өміріне тартуға ықпал ететін алқалы кеңес беруші орган.
ТолығырақДиссертациялық кеңес
Ғылыми дәреже алу үшін диссертацияларды қарауға және қорғауға, сондай-ақ белгіленген талаптар мен нормативтік актілерге сәйкес өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауға өкілетті мамандандырылған алқалы орган.
Толығырақ
Этикалық комиссия
Университеттің этикалық комиссиясы — моральдық-этикалық нормалардың, академиялық адалдықтың және ЖОО ішіндегі өзара сыйластық қағидаттарының сақталуын қадағалайтын тәуелсіз орган. Ол студенттердің, оқытушылар мен қызметкерлердің құқықтарының қорғалуына кепіл болады.
Толығырақ