Әскери кафедра

Әскери кафедра


КАФЕДРА ТУРАЛЫ

«ХАТУ» АҚ Әскери кафедрасы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің №843 бұйрығына сәйкес 2018 жылғы 5 желтоқсанда құрылды. Университеттің Әскери кафедрасы студенттерді запастағы офицерлер ретінде әскери қызметке дайындауды қамтамасыз етеді. Оның басты мақсаты — білім алушылардың бойында Отанды қорғау және Ұлттық қауіпсіздік саласындағы міндеттерді орындау үшін қажетті білімді, іскерлікті және дағдыларды қалыптастыру.

— Қазіргі талаптарға сәйкес келетін запастағы офицерлер мен запастағы сержанттарды даярлаудың заманауи білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
— Мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында студенттермен бірлескен ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
— Студенттерді әскери-патриоттық жұмысқа тарту.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар үшін Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметіне адал, моральдық тұрғыдан тұрақты, тәртіпті, қызметтік және мемлекеттік құпияны сақтай алатын, жоғары идеялық-адамгершілік қасиеттерге ие, сондай-ақ әскери-есептік мамандыққа сәйкес қызметтік міндеттерін табысты орындауға қажетті білімдерге, іскерліктер мен дағдыларға ие запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау.

ӘСКЕРИ-ЕСЕПТІК МАМАНДЫҚТАР

ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕР
КИБЕРҚАУІПСІЗДІК
ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕР
БӨЛІМШЕЛЕРІ МЕН БӨЛІМДЕРІН
ҰШҚЫШСЫЗ ҰШУ АППАРАТТАРЫНЫҢ ЖАУЫНГЕРЛІК ҚОЛДАНУ
ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕР
БАСҚАРУ ПУНКТТЕРІНЕН
АВИАЦИЯ ҰШУЛАРЫН ЖАУЫНГЕРЛІК БАСҚАРУ
ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕР
ТӨМЕН ҚУАТТЫ РАДИОСТАНЦИЯЛАРМЕН
ЖАБДЫҚТАЛҒАН БӨЛІМШЕЛЕРДІ ҚОЛДАНУ
ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕР
ҚҰРЛЫҚ ӘСКЕРЛЕРІНДЕ ТӘРБИЕ
ЖӘНЕ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ
ЗАПАСТАҒЫ СЕРЖАНТ
ШТАБТЫҚ ҚЫЗМЕТ
ЗАПАСТАҒЫ СЕРЖАНТ
ТӨМЕН ҚУАТТЫ
ҚЫСҚА ТОЛҚЫНДЫ РАДИОСТАНЦИЯЛАР
ЗАПАСТАҒЫ СЕРЖАНТ
ҰШҚЫШСЫЗ ҰШУ
АППАРАТТАРЫНЫҢ ОПЕРАТОРЛАРЫ
ЗАПАСТАҒЫ СЕРЖАНТ
ЖЕКЕ ҚҰРАММЕН ЖҰМЫС

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ

КАФЕДРАНЫҢ
БАЙЛАНЫСТАРЫ

Мекенжайы: Алматы қ., Абай көшесі 52Г, Байзақ БО
Contacts Office
Логотип
БАЙЛАНЫС
reception@iitu.edu.kz
8 (727) 330-85-61
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 320-00-00
8 (727) 320-00-01
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
Бостандық ауданы, Манас к-сі 34/1
Барлық байланыстар
Бізге әлеуметтік желілерде қосылыңыз!
2026, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті. Барлық құқықтар қорғалған.
Версия сайта для слабовидящих