ХАТУ-да жұмыс берушілермен дөңгелек үстел. Тақырыбы: «Үлкен деректерді талдау және оның практикалық қолданылуы»
Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде #IITU_KZ Erasmus+ Elba жобасы аясында дөңгелек үстел өтіп, оған қазақстандық жұмыс берушілер мен деректерді талдау бойынша еуропалық мамандар қатысты. Өзекті мәселе бойынша пікірталасқа Казахтелеком, Kaspi, First Credit Bureau, Frontier, Microsoft, Deloitte, Digital agency сияқты ірі қазақстандық компаниялардың өкілдері қатысты. Кездесу барысында серіктестер Қазақстанда осы саланы дамыту перспективаларын, деректерді талдау саласы ашатын мүмкіндіктерді, сондай-ақ деректерді талдауды пайдалана отырып қызметтер спектрін кеңейтуді талқылады. Еуропалық және қазақстандық университеттердің ынтымақтастығы шеңберінде деректерді талдау бойынша жобаларды әзірлеуге маманданған Сантьяго-де-Компостела университетінің оқытушылары Ансельмо Томас Фернандес Пена мен Дэвид Энрике Лосада Каррил қатысып, оқытушыларға арналған деректерді талдау бойынша тренингтер өткізді. Сантьяго-де-Компостела университетінің (Испания) Халықаралық департаментінің директоры және Эразмус+ Elba жобасының жетекшісі Сами Ашор орталық телеарнаға және IT News журналистеріне сұхбат берді.